
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығының жаңа басшысы Ілияс Испановқа Ақтөбе әкімдігінің жұмысын барлық бағыт бойынша күшейтуді тапсырды.
Бердібек Сапарбаев 2016 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткішке қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар өнеркәсіп, экономика мен шағын және орта бизнеске инвестициялар тарту саласында төмендеу байқалады.
«Құрылыс саласында көрсеткіштер төмендеп отыр. Бұл тендерді кеш өткізумен байланысты. Құрылыс жұмыстарын ұлғайту үшін қаражат пен мүмкіндіктеріміз бар. Ірі бизнес өкілдерімен жұмысты күшейту керек. Олардың барлығы қала игілігі үшін жұмыс істеп жатқан жоқ», – деп атап өтті облыс әкімі.
Билік жер учаскесін бөлу, инфрақұрылымды салу және қаржыландыру бойынша да жәрдемдесуге дайын.
Ақтөбе әкімі Ілияс Испановқа өнеркәсіп, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға назар аудару тапсырылды.