Қазақстанда өсімдік майы өндірісі көлемі артады — TilshiNews

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі көлемі артады

 «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіру жобасын қолдайды. «QAZAQ-ASTYQ GROUP» компаниясы тәулігіне 200 тонна май өндіретін зауыттың өндірістік ғимараттарын жаңғыртумен айналысады. Несиелік желіні ашу туралы келісімге ҚДБ және «QAZAQ-ASTYQ GROUP» қол қойды, деп хабарлайды «Тілші».

Өндірістік қуатқа шығу 2027 жылға жоспарланған. Осы уақытқа дейін зауыт жылына 1 литр көлемінде 15,4 мың бөтелке және 5 литр көлемінде 7,2 мың бөтелке күнбағыс майын шығарады. Ішкі нарықтан басқа, өнімдер экспортқа – Қытай мен Өзбекстанға жеткізілетін болады.

«Банктің бұл жобаны қолдауы сұранысқа ие өнімнің ішкі өндірісін ұлғайту және оның шетелден импортын төмендету арқылы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, сонымен қатар өңделген өнімнің шетелдік өткізу нарықтарына экспортын ұлғайтуға көмектеседі. Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға инвестициялар – ҚДБ-ның негізгі басымдықтарының бірі» — деп түсіндірді Қазақстанның Даму Банкі Басқармасының төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Айта кетейік, «QAZAQ-ASTYQ GROUP» май өндіру нарығында 2018 жылдан бері жұмыс істейді және 2021 жылы өз өнімдерін шетелге жеткізуді қолдау үшін ҚДБ-ға жүгінген болатын. Банктің экспорттық қаржыландыруының арқасында компания өнімді шығару үшін шикізатты сатып алып, кейін оны экспортқа жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *