
Жүрек Орталығы Astana Half Marathon жартылай марафонының ресми медициналық серіктесі аталды. Екі жыл бойы елордалық бұл іс-шара Қазақстан мен шетелдік белсенді спорт сүйер қауымы мен кәсіби жүгірушілердің басын біріктіруде. Жүрек Орталығының командасы бағыт бойына алғашқы медициналық көмек станцияларын орналастырып, мәреге қатысушылардың медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Жартылай марафонның ұйымдастырушысы — «Бірінші болу батылдық» Корпоративтік қоры ауқымды спорттық шараларды 2012 жылдан бастап өткізеді, осылайша олар салауатты өмір салтын бұқараға танытып, жыл сайын спортқа әуес адамдар санын арттырады. Биыл Astana Half Marathon қатысушылары 21,1 км, 10 км, 10 км қашықтығында жүгіру, скандинавтық жүріс пен Экиден командалық эстафетасында бақ сынасты. Жүгіру трассасы заманауи архитектура мен туризм нысандары орналасқан мегаполистің басты көшелерінде жасалды. Жартылай марафон қатысушыларының арасында алғашқы старттарына қадам басқан жаңадан келгендер де, өз рекордтарын жаңартуға ниеттенген тәжірибелі спортшылар да болды. Жүгіріс нәтижелеріне сәйкес өз жас категориясындағы ең жылдам жүгірушілер арнайы сыйлықтарға ие болды.
«Жүрек Орталығының медициналық серіктес ретінде қатысуы біз үшін үлкен жауапкершілік болып табылады. Еліміздің азаматтарын спортқа шақыратын бұл ауқымды шараға тағы да қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз. Жыл сайын жүгіру кең танымалдылыққа ие болуда, біз медицина қызметкерлері ретінде жаттығулардың денсаулыққа зиян тигізбей өткізілуі үшін уақытылы чек-ап тексерістерден өту қажеттігін еске салғымыз келеді», — ой бөлісті Татьяна Иванова-Разумова, клиниканың медициналық директоры.
Жартылай марафон уақытында медициналық көмек палатасына 140 жүгіну тіркелді. Қатысушылар негізінен бұлшықет спазмы, артериялық қысымның құбылуына шағымданып, ауырсынуды азайтатын спрейлерді сұраған. Сонымен қатар, жартылай марафон қатысушылары клиникада check-up медициналық тексерілуінен өту мүмкіндігіне ие болды. Сөрелік номерді көрсеткен жағдайда әр қатысушы 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін «Формада бол» және «Спортшы» пакеттерінің шеңберіндегі толық тексерістеріне 10% жеңілдік ала алады.