Шымкентте ашық аспан астындағы бассейн жұмысын қайта бастады — TilshiNews

Шымкентте ашық аспан астындағы бассейн жұмысын қайта бастады

Шымкенттегі жалғыз «Денсаулық» ашық спорт бассейні жұмысын қайта бастады. Ол Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің спорт және туризм факультеті базасында орналасқан.

1970 жылы салынған және ешқашан жарнаманы қажет етпейтін көне бассейн бұған дейін мыңдаған келушінің қызығушылығын арттырды. Мұнда спортшылардың жаттығулары мен ірі жарыстар өткізілді.

Бассейнге соңғы рет 20 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілген.

Олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бассейннің ұзындығы 50 метр және 8 жолға бөлінген. Тереңдігі 1,70 м-ден басталып, мәре сызығында 5 метрге дейін өзгереді. Мұндай тереңдік трамплиннен секіру үшін пайдалануға да мүмкіндік береді.

Бассейнге келушілер әртүрлі -3 м, 5 м және 10 м биіктіктегі үш трамплиннен секіре алады. 320 көрермен емін-еркін сыйады. Судың тұрақты температурасы 26-27 градус. Бассейнді жыл бойы пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *