Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық ассамблея қызметкерлерімен кездесті — TilshiNews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық ассамблея қызметкерлерімен кездесті

«Атамекен» студенттер отрядттарының жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлерімен кездесу өтті.

«Атамекен» студенттер отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаңғытбаев Нұржан Құрманғалиұлы, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық РҚБ филиалының басшысы Мустафина Әсел Сағынғалиқызы Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын түсіндірді.

Кездесудің негізі мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілеріне ұшырасқан жағдайда, 1424 сенім телефонына қоңырау шалу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

Шара соңында заңбұзушылықтар аясында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, парақорлық — ел әлеуетінің дамуына кері әсер ететін қауіпті індет екенін жеткізіп, одан алшақ болу қажеттілігін ескертті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *