Ақтөбе облысы ауылдарының тұрғындарына «Мен кәсіпкер» бизнесті қолдаудың жаңа құралы туралы айтыла бастады — TilshiNews

Ақтөбе облысы ауылдарының тұрғындарына «Мен кәсіпкер» бизнесті қолдаудың жаңа құралы туралы айтыла бастады

Ақпараттық десантты «Атамекен» өңірліккәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. ОблыстыңҚарғалы, Қобда және Ойыл аудандарында шағынкөрмелер, нысандарға бару және кездесулер өтті.

Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдаудың жаңақұралы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерліктідамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іскеасырылуда және үш бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуорталықтары. Бұл кәсіпкер әйелдерді, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңы. Мұнда олар стартаптарды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру, оқу бағдарламаларына қатысу үшін бірқатар қызметтерді ала алады. Осы құрал аясындағы екіншібағыт «Кәсіпке бағыт» кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттілікке оқыту мен салалық оқытуды қамтиды. Үшінші бағыт «Бір ауыл — бір өнім» жобасы. Оның мақсаты жергілікті өнімнің сапасын арттыру, жергілікті брендтер құру, маркетинг және нарықтағы құндылықты арттыру болып табылады.

Ауылдық шағын бизнес арасында осы бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын ӨКП қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев, палата жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер — консультанты Данат Сәрсенов және Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, ментор Күлпаршин Айдарханова жүргізеді.

«Бір ауыл-бір өнім»«Мен кәсіпкер» құралының негізгі бағыттарының бірі. Бұл халықаралық қозғалыс Жапонияда басталып, бізге Қазақстанға келді. Жобаға қатысушылар — жергілікті шикізаттан өз қолдарымен бір нәрсе жасай алатын, кооперацияға бірігетін ауыл кәсіпкерлері.

«Жоба жергілікті «брендтерді» қалыптастыруға нақты көмек көрсетеді. Жоба аясында қатысушылар өз брендін дамытуға мүмкіндік алады. Палатаның және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының сарапшыларының көмегімен облыстан тыс жерлерде өз өнімімен танымал болу, біздің өңірдің ерекшелігін көрсету», – деп атап өтті Күлпаршин Айдарханова.

Мәселен, Қарғалы ауданына бару барысында жобаның әлеуетті қатысушыларының бірі — Сергали Қостанов анықталды. Қосестек ауылының тұрғыны бес жыл бойы ірімшіктің 6-дан астам түрін дайындаумен айналысады. Ірімшік, сулугуни, чечелжәне басқа да ірімшік түрлерін дайындауға арналған шикізатты жергілікті тұрғындардан сатып алады.

«Ауыл тұрғындарынан күніне орта есеппен 40 литр сүт сатып аламын. Мен өнімдерді жол бойындағы кафе арқылы, сондай-ақ облыс орталығында коммуналдық базарда сатамын. Бұл істі интернет арқылы игердім. Бизнес отбасылық. Ірімшік цехін салу жобасын іске асырудамыз. Қаржыландыруды «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында аламыз, Біз сондай-ақ лимонад шығарумен айналысамыз» — деді шағын көрме барысында кәсіпкер.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылайемес қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиевтің ақпараты бойынша, қазір жобаларды іріктеу бойынша жұмыс тобы құрылуда.

«Барлық қатысам деушілер өтінім бере алады. Бүгінде12 өтінім келіп түсті. Ағымдағы жылдың 30 маусымында Ақтөбеде «Бір ауылбір өнім»жобасына қатысушыларды іріктеу өтетін көрмеөтеді», — деп нақтылады ол.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы бағытынакелетін болсақ, әйелдер 7 қызмет түрін ала алады, оның ішінде кәсіптік немесе бизнес-оқыту, дәстүрліқолөнер түрлеріне оқыту, тәлімгерді сүйемелдеу, өзбизнесі үшін қаржыландыруды қалай тарту керектігіннемесе халықаралық, сондайақ «Бір ауылбір өнім»жобаларға қатысуды үйрену, бизнес-шолуға тапсырысберу.

«Өтініш білдірген әйелдер арасында қызықтыратынқызметтердің бірі бейіндік оқытудан өту. Бүгінгітаңда қызметтің бұл түріне 116 өтінім келіп түсті. Тәлімгерді сүйемелдеу немесе тәлімгерлікмұндайқызметті өз бизнесі бар, яғни кәсіпкер ретіндетіркелген және кем дегенде екі жыл жұмыс істейтінәйелдер пайдалана алады. Олардың бизнесінтәлімгермен сүйемелдеуге 56 өтінім келіп түсті», депатап өтті орталықтың менеджер-кеңесшісі ДанатСәрсенов.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының 138 қыз-келіншектері қызметтің қандай да бір түрін алуғаөтініш білдірді. Олардың барлығы ұсынылғанқызметтер бойынша кеңес алып, қажеттіліктерібойынша сұраныстар қалдырды.

«Кәсіпке бағыт» бағыты аясында жобағақатысушыларға кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшінсарапшы мамандардан тегін оқыту мүмкіндігіберіледі.

Оқыту бағыттары іс жүзінде барлық іс-шараларды, соның ішінде өндірісті қамтиды. Кәсіпкерлер өзбизнесін кеңейту үшін жаңа бағытты үйренугемүмкіндік алады. Оқытуды сарапшылар онлайн жәнеофлайн режимде кәсіпорындарға барып жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін кәсіпкер бірнеше ай ішіндесертификат пен сарапшының сүйемелдеуін алады.

Жаңа жобаларға қатысуға өтінім беруге, кеңес алуғанемесе толығырақ ақпаратты Ақтөбе облысыныңкәсіпкерлер палатасынан: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, 1 қабат мекенжайы бойынша немесетелефон арқылы алуға болады: +7 (7132) 744 – 619 (вн.1557), байланыс орталығы – 1432.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *