Бекзат Машимов, маркетолог: Өңірлерде маркетингке көңіл бөлмей жүрген кәсіпкер көп — TilshiNews

Бекзат Машимов, маркетолог: Өңірлерде маркетингке көңіл бөлмей жүрген кәсіпкер көп

Мектеп кезінде, нақты қай сынып есімде жоқ, tele 2 операторы енді шығып жатқан кезде нөмірлер сата бастадым. Әр сатылымнан басында 30 пайыз алып жүрдім, сатылым жақсы болғанда табысымды 70 пайызға дейін көтерді.

Жоғары сыныпта оқып жүргенімде математика пәнінің есептерін ақшаға шығарып жүрген кездер болды.

2014 жылы мектепті «Алтын белгімен» тәмамдадым.

Мектеп кезінде Бауыржан екеуміз үнемі “бірдеңе істеу керек” деп жүретінбіз. Сол кезде интернеттен әртүрлі нишаларды зерттеп, қадағалап отыратын едік. Ауызша бизнес жасап, ақшаны күреп тастаған кездер көп болды.

Студенттік шағым Алматы қаласында өтті. Университеттегі жылдары белсенді болдым. Осы белсенділігім маған қатты көмектесті. Адамдармен тіл табысу, тапсырмаларды орындау, кезіккен мәселелерді шешуді үйрене бастадым.

Студент болып жүргенімде түрлі семинарлар, концерттер ұйымдастыратынмын. “Жылдам қозғалғың келсе, жалғыз жүр», «алысқа шапқың келсе, командамен жұмыс істе» деген ұранды желеу етіп, командамен жұмыс істеуге ден қойдым.

Университетте оқып жүрген жылдары “Бизнес молодость”, “Бизнес Бастау”, “ Tender First” секілді тренингтерге қатысып, біраз дүниеден хабардар бола бастадым.

Студенттерге жоғары математика пәнінің есептерін түсіндіріп, арнайы сабақтардан есеп шығарып табыс тауып жүрдім.

 

Қарызға батуы жайлы

Студент болып жүріп 1 000 000 теңге қарызға батып кеттім. Ештеңе істемей, ақшаның астында қалуды ойлап, желілік бизнеске кіріп кеттім. Барлығын есептеп, «осы уақытта ақша қайтады», «әрі қарай ақша өзі түсе береді»» деп қиялмен минусқа кіріп кеттім.

 

Алғашқы жұмыс орны

Жоғары оқу орнын тәмамдап, Ақтөбе келгеннен кейіннен колледжге жұмысқа тұрдым. Жұмыс жасауым 14 күнге созылды. Арыз жазып жұмыстан шығып кеттім. Атмосферасы өзіме ұнамады. Ақтөбеге үйренісе алмадым. Сөйтіп жүріп не екенін білмедім, стреске ме, депресияға ма шалдықтым. Көңіл күй жоқ, ештеңе істемейсің, тамақ ішесің, ұйықтайсың болды.

Сөйтіп жүргенде тағы бір танысым «шаруа бар» деп кеңсесіне шақырды. Тыңдап болып, «рақмет» деп шығып кеттім. Кезекті желілік маркетинг болып шықты.

 

Қолыңнан келетін істі монетизациялау жөнінде

Қуаныш Шонбайдың “Екінші болма” кітабы қолыма түседі. Кітапты оқып енсемді көтердім. Тұрып жатқан жеріңде де әрекет жасап, табыс табуға болады екен. Қолыңнан не келеді, соны ақшаға айналдыру керек. Болғаны сол.

Қолымнан есеп шығаруды үйрету келеді екен. Текст жазатын дайын формулаларды қолданып, клиенттің әлсіз жеріне тиетіндей мәтін жазып шықтым. Olx қосымшасына хабарландыру орналастырдым. Мендегі мақсат — жағдайы жақсы, кәсібі бар отбасылардың балаларын оқыту болды.

 

Карантин — кедергі және мүмкіндіктер бастауы

Оқу орталықтарынан ұсыныстар түсе бастады. Оқу орталықтарында жұмыс істеп жүріп, жеке орталық ашамын деген ой болды. Орталықты жүргізу үшін сабақ бергеннен де бөлек жұмыстары көп екенін көрдім. Сөйтіп жүргенде карантин басталды. Жұмыс тоқтады. Табыс көзі де.

Карантин уақытында өзімді дамыту барысында кәсіп жүргізу, сатуға қатысты курстар сатып алып оқи бастадым. 2020 жылдың жазында Алматы қаласында Қуаныш Шонбайдың бизнес мектебінде Интернет-маркетолог курсы ашылып жатқанын біліп, оқимын деп шештім. Алғашқы легінде оқыдым. Сату аптасында 2 қаламды 51 200 теңгеге сатып, табыс таптым.

 

Алғашқы маркетинг жобалары жайлы

Оқудан соң маркетолог ретінде көлік рөлін қаптайтын материал саудасы, фастфуд, зергер бұйымдары, тендер оқыту курсы жобаларын жүргізе бастадым. Тұрғын үйлердің қабырғасын қаптайтын термопанельдерді сатумен екі жыл қатарынан айналыстым. Компания айналымын 75 миллион теңгеге жеткіздік.

Маркетингпен қатар “Progress” оқу орталығын аштым. Математика пәні бойынша 5-11 сынып оқушыларына есеп шығаруды үйрете бастадық. Ұлттық бірыңғай тестілеуге балаларды даярлаймыз.

 

Бекзат Машимовтен пайдалы кеңестер: 

Кәсіп жасап ақша тапқысы келетіндер негізгі 3 сұраққа жауап беруі керек:
1. Нені? (өнім, қызмет түрі, өндіріс)
2. Кімге? (мақсатты аудитория)
3. Қалай? (әртүрлі каналдар арқылы мақсатты аудиторияға айту). .

Соңғы уақытта кәсіп жүргізу, сату, өзіңді дамыту жайлы сұраушылар көбейіп жатыр. Білім беру саласында жүргендіктен кәсіп жасау, сату, маркетинг саласында біліммен бөлісетін Ақтөбе қаласында оффлайн форматта жобалар жасау жоспарда бар. Ақтөбе қаласында маркетингке көңіл бөлмей жүрген кәсіпкерлер көп.

«Тілші-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *