«Бабадан қалған аманат»: Ақтөбеде Мемлекеттік орталық музейі қорының жылжымалы көрмесі өтіп жатыр — TilshiNews

«Бабадан қалған аманат»: Ақтөбеде Мемлекеттік орталық музейі қорының жылжымалы көрмесі өтіп жатыр

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі қорындағы этнографиялық коллекциялардан жасақталған «Бабадан қалған аманат» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов, белгілі ғалым, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев қазақ халқының тарихынан соның ішінде рухани бай мұрасы — мәдениеті мен қолөнерінен сыр шертетін көрменің маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Көрме экспозициясына киім-кешек, ыдыс-аяқ, тоқыма бұйымдары, үй жиһаздары, музыкалық аспаптар, ат әбзелдері және зергерлік бұйымдардың үздік үлгілері және белгілі тарихи тұлғалардың қолданған құнды бұйымдары да қойылды.

Экспонаттар қатарында Айшуақ сұлтанның мұрағы, Жаяу Мұсаның қобызы, домбырасы мен скрипкасы, Шоқан Уәлихановтың бөркі, қазақтың дүлдүл әншісі Әміре Қашаубайұлының, ақын Манарбек Ержановтың, ғалым, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың домбыралары бар.

Көрмеге барлығы 150-ге жуық экспонат қойылды.

Көрме сәуір айының 15-не дейін жалғасады. Келіп, тамашалауға шақырамыз!

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *