Ғұн жауынгерінің олжаларын реконструкциялау жұмыстары басталды — TilshiNews

Ғұн жауынгерінің олжаларын реконструкциялау жұмыстары басталды

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбенің Солтүстік бөлігіндегі Елек өзені маңындағы карьерден табылған ғұн дәуіріне жататын материалдарды биыл ғылыми реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «Тілшіге» облыстық тарихи-өлкетану музейінің PR менеджері Сағымбек Ұлықпан хабарлады.

Бұл жұмыстарды белгілі археолог-ғалым, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Арман Бисембаев, этнограф-ғалым, суретші Қалиолла Ахметжан және аталған институттың бөлім меңгерушісі Аслан Мамедов жүргізеді.

— Деректерге сүйенсек, Ақтөбе ғұндардың мекендеген орталығы болған. Европаға қоныс аударғанға дейін Ақтөбе өңірінде өмір сүрген. Олардың мәдениеті де ерекше болыпты.
Соның бірегейі — Елек өзені бойынан табылған ғұн дәуіріне жататын жауынгердің олжалары. Табылған артефактілерді реконструкциялау жұмыстары басталды. Оның ішінде жауынгердің киім-кешегі, қару-жарағы мен ат әбзелдері бар, — дейді Аслан Мамедов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *