Жомарт Қартбаев, депутаттыққа үміткер: «Халықтың сапалы өмір сүруге құқығы бар» — TilshiNews

Жомарт Қартбаев, депутаттыққа үміткер: «Халықтың сапалы өмір сүруге құқығы бар»

Депутаттыққа кандидат Жомарт Қартбаев биліктен бұрынғы бау-бақша ұжымдары аумағында шекарасында тұратын қала тұрғындарының тұрмысын жақсартуды, делдалдарға артық төлем жасамау үшін жергілікті мердігерлерді ішкі тендерлерге тартуды талап етіп, болашақ халық қалаулыларын халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті халықтық билік ретінде көрсетуге шақырады. Сөзін іспен дәлелдеу мақсатында ол жергілікті аумақтардың инфрақұрылымын дамытуға қол жеткізу үшін, бірқатар құрылымдардың бұл мәселелерге немқұрайлы қарап, өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда не істеу керектігін көрсетті.

Биыл халық депутаттыққа кандидаттар ұсынуға бұрын-соңды болмаған қызығушылық танытты, халық қалаулысы болғысы келетіндер саны бұрын-соңды мұндай көп болмаған. Біреулер өмірін өзгертуге, біреулер халықтың мүддесін қорғауға баруы мүмкін.

Жомарт Қартбаев көп жылдар бойы «Ақжар Плюс» тұрғындарының өмірін жақсарту үшін күресіп, осы өмірлік маңызды аумақты барлық инфрақұрылымдық нысандармен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Енді ол өз кандидатурасын қалалық мәслихат депутаттығына ұсынуға бел буып, халық қолдаса, халықтың мәселесін жаңаша шешеді. Үміткер адам мәселесін жергілікті деңгейден жоғарыдағы талаптарға дейін адами жолмен шешу қажет деп есептейді. Бірінші кезекте, бұрынғы бау-бақша ұжымдары аумақтары тұрғындарының өмірін жақсарту, қаланың толыққанды тұрғындары ретінде, олардың әлеуметтік дамуына бюджет қаражаты жұмсалатындықтан, олар өздерінің мәртебесіне сәйкес барлық коммуналдық жеңілдіктерді алуы тиіс.

— Қазіргі таңда белгілі бір мәселені шешу үшін аудан әкімдіктерінен бастап, барлық инстанцияларды арызбен айналып өту керек, — дейді Жомарт Қартбаев. – Оның үстіне аудан әкімдіктерінің, олардың айтуынша, өкілеттік те, ақша да жоқ, ал бұл инстанцияларсыз қала әкімдігін де айналып өту мүмкін емес. Бюрократиялық баспалдақтармен бос жүріп, жүйкесі мен уақытын жоғалтуға мәжбүрлейтін халықты тітіркендіретін келеңсіздіктер осыдан басталады.

– Сонымен қатар, біз бір-бірімізге жау емеспіз – қарапайым халық пен төменгі деңгейдегі шенеуніктердің өзі кейде функционалдық қызметке келгенде шатасатын. Қала тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау, негіздеу, шешу жолдарын айқындау және оларды тиімді депутаттық бақылауда және жеке қатысу арқылы бірлесіп шешу – бұл қала халқының таңдауы, – деп есептейді Жомарт Қартбаев.

Оның айтуынша, халықтың мәселесін тиімді шешу үшін, қандай да бір өзгеріс енгізу үшін депутат болу керек.

– Көпшілігімізде өмір сүру қиындап кетті, әрең күн көріп келеді, отбасы табысының басым бөлігі несие төлеуге кетеді. Ондайлар көп. Шенеуніктердің, депутаттардың кабинеттерін аралап, Президентке жүгінгеннен кейін ғана «Ақжар плюстің» біраз мәселелерін шешіп алдым. Бізде Ақтөбе қаласын дамытудың бас жоспары бойынша аумақтары қалалық аумақтар болып танылған 438 «бау-бақша ұжымдары» бар. Мұнда қала халқының үштен бірі тұрады, бұл шамамен 150-ден 200 мың адам болуы мүмкін. Көпшілік өздерін екінші сортты адамбыз деп ойлайды. Ал бұл көкжиектен алыс емес, қалаға жақын, мысалы, «Ақжар плюс» әкімдіктен 8 шақырым жерде орналасқан. Немқұрайлылық емес, қаланың технологиялық дамуына толықтай бақылаудың жоқтығы алаңдатады. Бір ғана мысал келтірейік. Жақында біздің орамдағы сыртқы жарықтандырудың 80 пайызы жанып кетті — 92 шам алынып тасталды, бірақ жаңалары орнатылмады. Ал олардың өртену себептері қарастырылмаған, жарықтандыруды ауыстыру қарастырылмаған. Менің аудандық прокуратураға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталыққа; аудитке өтінішімнен кейін құзырлы органдардан өтіп, ақыры жетекші бақылау органы – Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауынан: «…көзбен қарап шығып, ешқандай заң бұзушылық жоқ» деген анықтама алдым. Сонымен, біз бірдей мәселелерге басқа көзқараспен қарайтынымыз белгілі болды: қадағалаушылар «көзбен» қарай салады, ал біз, тұрғындар, қолымызбен ұстап көреміз, денеміздің басқа бөліктерімен сезінеміз, жағдайға ресми көзқарастан біздің көзқарасымыз мүлдем басқа. Шенеуніктердің де, біздің де осындай жағдайларды бағалауда бірдей көзқарас болуы үшін, ең бастысы, келешекте мұның алдын алу және жою үшін бірлесіп пысықталған шешім болсын деген ниетпен ел Президентіне жүгіндім. Мен адамдарға өз құқықтарын қорғауды, жүйеге енуді және оның қаланың инфрақұрылымын дамыту секілді белгілі бір салада жұмыс істеуін қалайтынын өз басымдағы жағдаймен көрсеткім келеді.

Біз бірінші кезекте адами капиталды дамытуды және Қазақстан болашағының негізі ретінде балаларымызға, әйелдерімізге, аналарымызға лайықты жағдай жасауды талап еткенде, өз өмірімізді жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі арқылы және технологиялық негізде жақсарта алатынымызды түсінуіміз керек. Мен бұл жағдайды түсінемін және осы жайттарды алға тарта отырып, сайлауға барамын.

-Жақында бау-бақша ұжымдарының жетекшілері болып, «Бірлік» деген қозғалыс құрдық. Қаланың құрамында отырып, неліктен бау-бақша ұжымдары өздеріне тиісті қызметтерден тыс қалу керек? Неге жарық пен газ, су мен жарығын біреуге кіріптар болмай, коммуналдық мекемелерден тіке алмайды? Осы мәсеелерді қозғалысымыз арқылы көтеріп, билікке жеткізсек деген ниет бар.

Жомарт Қартбаев мәселелердің шешіміне жетудің қаншалықты қиын екенін ұзақ айтқысы келмейді. Бұдан, оның айтуынша, пайда аз. Жоспарлау үшін бір күн өмір сүрудің қажеті жоқ. Біз бүгін тәртіпке келтіріп, әлі де көп жылдар бойы ойлануымыз керек.

– Аумақтарды инфрақұрылыммен, ауыз сумен қамтамасыз ету, бар халықты сақтау және дамыту талап етіледі. Енді сумен қамтамасыз етілмейінше, инвесторларды тарту үшін орасан зор жоспарлар әзірлеу дұрыс емес. Көкжиде сияқты Алла Тағаланың бізге берген ауыз су көздерін қадірлей біллуіміз керек. Мұнай компаниялары жұмыс істейтін және тамырын тереңге жаятын осы бірегей кен орнындағы барлық су қорын сақтап қалу керек. Олар үшін бұл жай ғана стратегиялық су қоры. Олардың аумақтарындағы су қорын анықтау мәселелерін шеше отырып, мен жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, өз саласының кәсіби мамандарымен: өзіміздің «Ақпан» ЖШС басшылығымен және мамандарымен қазіргі жағдайды талқыладым және суды үнемдеу оңай емес екенін түсіндім.

– Күнделікті тіршілігіміз тәуелді жобалары бар ішкі тендерлерді Алматы облысының ауылдарынан немесе басқа облыстан келген мердігерлердің қолына беріп жатқан қазіргі зұлым жүйе салықтан ысырап етумен қатар, олардың қызметін жоққа шығаруда. Кейбірі Ақтөбенің қайда орналасқанын, оның жергілікті климаты қандай екенін біле бермейді. Бас мердігер компанияның басшысы келіп, құжаттарға қол қойып, кетеді. Осының барлығымен жоғары сапалы нысандарды қалай салуға болады? Мен мемлекеттік тапсырыстарды жергілікті компанияларға беруді ұсынамын, содан кейін салықтар бізге түседі, жұмыс орындары болады. Ең бастысы, жергілікті мердігер мемлекеттік тапсырысқа жауапкершілікпен қарайтын болады және келушінің өзінен кейін сұрау оңайырақ болады. Жауапкершілігімізді сезіну және құқықтық саланы айқын нәрсеге қосу қажет: біз өз жеріміздің қожасымыз!

Жомарт Қартбаев жастарға үлгі болар, келер ұрпақты ұлттық-рухани жағынан тәрбиелеуге де аса мән береді. Ол үшін аймақтық деңгейдегі шараларды да ұйымдастырудың басы-қасында жүр. Былтыр «Мың бала» атымен тарихта қалған Сартай батырға бағышталған жыршылар концертін Ақтөбеде өткізіп, баба рухына арнап ас берді.

«Қазақ өткенін ұмытпау керек. Жастарға тәрбиелік мәні бар тұлғаларымызды дәріптей де, ұлытқай да білуіміз қажет. Олардың қанатты сөздерін қазіргі балалардың құлағына сіңіріп өссек, одан зиян көрмейміз. Сайлау алды бағдарламамда осы ұлттық отбасылық институттың қалыптасумәселесін де көтеріп отырмын,»-дейді мәслихат депутаттығына кандидат.

Жомарт Қартбаев: «Мен жаңа Қазақстанда өмір сүргім келеді. Мен үшін депутат болу – халықтың мәселесін шешу деген сөз. Бұл абырой мәселесі. Өзім үшін бірдеңе жасап, тыныш отырғым келмейді, елге жаным ашиды. Біз Норвегия сияқты да, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты өмір сүре аламыз, бізде орасан зор ресурстар бар, ол байлықты сақтай отыра, көбейтуіміз керек, Халық игілігі үшін пайдалануымыз керек!

– Мен ешбір партияның мүшесі емеспін, өз-өзімді ұсынып отырмын. Барлық қозғалыстар мен партиялар өзара келіспеушілікті тоқтатып, бірігіп, Ақтөбені, жалпы елді бірге көтеруі керек деп есептеймін. Мені естісе деймін!

Үміткер Жомарт Қартбаев өзін №28 сайлау округінен қалалық мәслихат депутаттығына ұсынып отыр.

Жомарт Қартбаевтың кандидатурасына 19 наурызда № 93, 99, 107, 523, 533 сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады.

Материал Ж.Қартбаевтың тапсырысымен дайындалып, республикалық бюджеттен қаржысынан төленді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *