
Қаңтар, ақпан айларында Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау және Жетісу облыстарының макроэкономикалық көрсетіштері өзге өңірлерден төмен болған, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысындай осылай деп мәлім етті.
«Экономиканың нақты секторы тұрақты өсімді қамтамасыз етті. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 2,5%, құрылыс шамамен 13%, ауыл шаруашылығы – 4% және қызмет көрсету саласы 5% өсті», – деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр автомобиль жасауда – 46%, локомотивтер мен вагондар өндірісінде – 34% өсім тіркелгенін айты, мұны оң серпін деп бағалады.
«Сондай-ақ, фармацевтика шамамен 17%, химия өнеркәсібі – 3,5%, жеңіл өнеркәсіп – 34% өсті. Азық-түлік өнімдерін шығару – 10%, минералды өнімдер – 8%, дайын металл бұйымдарын өндіру 12,5% ұлғайды. Мұнай өңдеу 5,5% өсті.
Электр энергиясында -4,5%, металл кендерін өндіруде 2,5% өсім тіркелді.
Қызмет көрсету секторында ақпарат және байланыс – 12%, көлік – 6% және сауда 11,5% жоғары өсім көрсетті.
Тау-кен өндіруді қоспағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 24% өсті.
Қаңтар-ақпан айларында бүкіл негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында өсім бар.
Ең төмен көрсеткіштер Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау және Жетісу облыстарында», – деді Үкімет басшысы.