
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің төртінші билік болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әрине, өлкенің өткені мен бүгінінен сыр шертетін музей ісін жан-жақты ақпараттық насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі орасан зор.
Өткен жылы музейдің БАҚ саласында ауыз толтырып айтарлықтай біршама жұмыстар атқарылды. Яғни жыл қорытындысы бойынша барлығы 311 материал жарияланды.
Статистикалық мәліметтерді сөйлетсек, жергілікті және республикалық телеарналарында 100 бейнесюжет (репортаж) көрсетіліп, көрерменге жол тартты. Облыстық, жергілікті және республикалық газет-журналдарында 126 мақала, ал түрлі деңгейдегі сайттар мен халықаралық ақпараттық агенттігінің ресми сайтында 19 мақала жарық көрді. Жергілікті және республикалық радиолардың әуе толқынынан 66 ақпараттық хабарлама берілді. Есепті жыл ішінде 28 қызметкер сұхбат берді.
Тоқсан сайын және жыл соңында бөлімдердің БАҚ-пен жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мониторингтік талдау жүргізіледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 31 БАҚ-қа материалдар шығып, кең көлемде насихатталды. Яғни осы БАҚ-тар музейге ақпараттық қолдау көрсетті.
Атап айтсақ, олар: жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Үш таған» журналы, «Керек инфо», «Актобе таймс», «Диапазон», «Эврика», республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время» газеттері, жергілікті «Ақтөбе», «Рика», республикалық «ТДК-42», «Хабар», «31», «Абай ТВ» телеарналары, «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі, «Кazmuseum.kz», «Kazislam.kz», «Aktobeinfo.kz» сайттары, республикалық «Қазақ», жергілікті «Ақтөбе», «Тандем» радиолары және Байғанин ауданының «Жем-Сағыз», Қобда ауданының «Қобда», Ойыл ауданының «Ойыл», Темір ауданының «Темір», Ырғыз ауданының «Ырғыз» және Шалқар ауданының «Шалқар» газеттері.
Музейде БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізуге арналған баспасөз залы бар.
Музейдің медиа-жоспары бойынша 2022 жылы 46 шараны ақпараттық насихаттау жоспарланды, биыл да 46 шараны насихаттау жоспарланып отыр. Оның ішінде археологиялық және этноархеологиялық ғылыми-зерттеу жобалық жұмыстары да бар.
Сонымен қатар, екі жыл қатарынан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі, 12 сәуір — Ғарышкерлер, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі, 7 мамыр — Отан қорғаушылары, 9 мамыр — Жеңіс, 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, 4 маусым — Рәміздер, 6 шілде — Астана, 30 тамыз — Конституция, 15 қазан — Кітапханашылар, 18 қазан — Рухани келісім және 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күндеріне арналған музейдің тақырыптық-экспозициялық залдарын насихаттау мақсатында «Мерекелік экскурсия» атты музейішілк жобасы аясында БАҚ-та бейнерепортаждар, материалдар мен ақпараттық хабарламалар берілді.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен шығармашылық байланысты одан әрі нығайту мақсатында 1 қазан — Радио, 21 қараша — Дүниежүзілік телевизия, 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күндеріне арналған мерекелік көрмелер ұйымдастырылды. Аталған көрмелер экспозицияларында музейдің ақпараттық қолдаушылары жергілікті «Ақтөбе», «Тандем» радиолары, «Ақтөбе», «Рика-ТВ» телеарналары және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Диапазон», «Эврика», «Шалқар» газеттерінің тарихынан сыр шертетін материалдары мен музейдің құнды қорындағы БАҚ-қа байланысты құнды экспонаттар қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Ерекше айта кетер жәйт, музей жергілікті «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Керек инфо», «Актобе таймс», «Диапазон», «Эврика» газеттері, «Үш таған» журналы, «Ақтөбе», «Рика» телеарналары, «Актобе» және Қазақ радиоларымен, республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время» газеттері, республикалық «ТДК-42», «Хабар» телеарналары, халықаралық «Казинформ» ақпараттық агенттігі сондай-ақ «Қобда», «Ойыл», «Темір», «Жем-Сағыз», «Ырғыз» аудандық газеттерімен де әріптестік-ынтымақтастық, шығармашылық және іскерлік байланыста жұмыс жасап келеді.
Яғни айтқанда, жергілікті 10 БАҚ, республикалық 6 БАҚ, халықаралық 1 БАҚ және аудандық 5 БАҚ-пен яғни барлығы 22 БАҚ-пен жұмыстар жүргізілді.
Ал 2021 жылы БАҚ бетінде барлығы 420 ақпараттық материал жарияланды.
Сол жылы музейде облыстық «Ақтөбе» телеарнасымен бірлескен айына екі рет «Асыл қазына» атты жобалық бағдарламасы түсірілді. Мақсат — ұлттық құндылықтарымыз — қолөнерді дәріптеп, шеберлерді насихаттау және үшжақты әріптестік-ынтымақтастық, шығармашылық, іскерлік байланысты одан әрі нығайту.
Сондай-ақ, сол жылы облыстық, республикалық, халықаралық телеарналардан алтын бесік Ақтөбенің бренді болып табылатын Темір ауданының Тасқопа І қорымынан табылған материалдардың ғылыми реконструкциясы туралы 40-қа жуық бейнерепортаж түсіріліп, көрермендер назарына ұсынылды.
Алдағы уақытта да облыстың бас музейі және бұқаралық ақпарат құралдарымен музей ісін насихаттау мақсатында екіжақты әріптестік-ынтымақтастық, шығармашылық байланыс бағытындағы жүйелі жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері.