Сабын өндірісін қолға алған ақтөбелік кәсіпкер өнімнің алғашқы партиясын көрші облысқа «импорттады» — TilshiNews

Сабын өндірісін қолға алған ақтөбелік кәсіпкер өнімнің алғашқы партиясын көрші облысқа «импорттады»

Ақтөбелік Ержан Жұбаниязов сабын шығара бастады. Оны дайындау үшін кәсіпкер Өзбекстаннаң техаппарат сатып алды.

«Бұл отбасылық бизнес. Ұзақ уақыт бойы нарықтың қажеттілігін зерттедік. Сабын өндірісіне тоқталдық. Жабдықты сатып алуға несие алдық. Шикізаттың өзін Шымкенттен сатып аламыз. Күніне бір мың данаға дейін сабын шығаруға мүмкіндігіміз бар. Оның салмағы 200 және 300 грамм. Сабын бағасы халық үшін де қол жетімді. Мен бірнеше сауда орындарымен сөйлесіп қойдым. 500 дана бірінші партияның Атырауға кетіп жатқаны қуантады», – дейді кәсіпкер.

Келешекте «Батыр» ЖК өнім граммажын кеңейтіп, жұмыс орындар ашып, ауқымды өткізу нарықтарына шығуға ниетті.

«Кәсіпкерлер палатасы тиісті жергілікті компаниямен байланысу арқылы кәсіпкерге рецептураны әзірлеуге көмектесуге ниетті. Содан кейін жергілікті жерден шикізат жағын қарастыру керекпіз. Бүгінгі таңда өнімді жергілікті тұрғындар арасында танымал ету қажет. Нарықта бірлесіп ілгерілететін боламыз», — деп атап өтті ӨКП директоры Дана Бекбауова.

Сонымен қатар кәсіпкер сертификат алу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алды.

«Тілші-ақпарат»

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған