ҚазМұнайГаз және Univation Полиэтилен жобасына полимерлеу қондырғысы бойынша лицензиялық келісімге қол қойды — TilshiNews

ҚазМұнайГаз және Univation Полиэтилен жобасына полимерлеу қондырғысы бойынша лицензиялық келісімге қол қойды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және Univation Technologies компаниясы (АҚШ) жылына қуаты 625 мың тонна полиэтилен өндіру үшін екінші полимерлеу қондырғысы бойынша лицензиялық келісімге қол қойды.

ҚМГ және Univation арасындағы келісім UNIPOL™ PE Process технологиясы бойынша полиэтилен (ПЭ) өндіретін қондырғыға арналған жобалау технологиялық құжаттаманың (PDP) әзірленуін және жылына 625 мың тонна көлемінде ПЭ өндіруге тиісті лицензияның берілуін қамтамасыз етеді.

UNIPOL™ PE Process технологиясы полиэтиленнің көпшілік және премиум маркаларын шығаруға мүмкіндік беріп, жоғары бәсекеге сай өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу кезінде сұранысты өтей алады.

Сонымен қатар келісім аясында Univation компаниясының ПЭ полимерлеу катализаторлары жүйесін, соның ішінде UCAT™ B және UCAT™ J катализаторларын жеткізу қарастырылған. Бұл катализаторларды бірге қолдану кезінде тығыздығы жоғары полиэтиленнен үрленіп қапталатын көпшілік маркалы өнімді (HDPE), тығыздығы төмен желілік полиэтиленнен (LLDPE) және тығыздығы жоғары құймалы полиэтиленнен (HDPE) пленкалар жасап шығару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазақстандық зауытқа тығыздығы жоғары бимодальды полиэтилен (HDPE) өндірісі үшін PRODIGY™ технологиясы да берілетін болады.

Полиэтилен тұрмыста және өнеркәсіпте қолданылатын өнімнің кең тобын қоса алғанда, күрделі өнім жасауға арналған негізгі маңызды шикізат. Одан көптеген өнім түрлері, соның ішінде азық-түлікті орайтын пленкалар жасалады. Полиэтилен медициналық жабдықтарды, құрылыс және әрлеу материалдарын, өнеркәсіптік мақсаттағы жоғары қысымды құбырларды және авиациялық өнеркәсіп бұйымдарын жасауда қолданылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚМГ басқа лицензиармен жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіру үшін бірінші қондырғы бойынша лицензиялық келісімге қол қойды. Осылайша, екі технологиялық полимерлеу қондырғысы түрлі лицензиардың технологиясын пайдаланады. Осының арқасында болашақ зауыт ортақ қуаты жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіретін болады.

Зауыт Атырау облысындағы біріккен газ-химиялық кешен аумағында орналасады.

Анықтамалық ақпарат:

Univation Technologies, LLC – полиэтилен өндірудің лицензиялық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы компания. Univation-ның дүниежүзі полиэтилен өнеркәсібіне арналған технологиялық процестерді, өнім мен катализаторларды жүзеге асыруда, сондай-ақ қосалқы техникалық қызметтерді көрсетуде 50 жылдан астам мол жұмыс тәжірибесі бар. Әлем бойынша шығарылатын ПЭНД (HDPE) және ЛПЭНП (LLDPE) шайырларының үштен бір бөлігі салада жетекші позицияларды иемденетін UNIPOL™ PE Process технологиялық процесінің көмегімен өндіріледі. Сонымен қатар Univation компаниясы UNIPOL™ PE процесі үшін арнайы әзірленген полиэтиленді полимерлеудің дәстүрлі және жақсартылған катализаторлардың әлемдік жетекші өндірушісі және жеткізушісі.

UNIVATION, XCAT, PREMIER, «Univation Technologies,» шартты суреттері және «U» бейнесі Univation Technologies компаниясының тіркелген сауда белгілері. UNIPOL – бұл The Dow Chemical Company («Dow») немесе Univation Technologies пайдалануға лицензиясы бар Dow компаниясы филиалдарының сауда маркасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған