ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев Abu Dhabi Ports басшылығымен келіссөз жүргізді — TilshiNews

ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев Abu Dhabi Ports басшылығымен келіссөз жүргізді

ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 27 желтоқсанда Абу-Дабиге (БАӘ) жұмыс сапарымен барып, Abu Dhabi Ports бас директоры Мохамед Джума Аль-Шамсимен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Сапар барысында М. Мырзағалиев 2012 жылы пайдалануға берілген Abu Dhabi Ports компаниясының алдыңғы шептегі порты – Khalifa терең теңіз портына, сондай-ақ теңіз операцияларын қолдау базасына барды.

Кездесуде тараптар теңіз және жағалаудағы жүк тасымалы, Каспий аймағындағы сауда флотын дамыту және инвестиция тарту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сонымен қтар, ҚМГ мен Abu Dhabi Ports Каспий теңізіндегі ірі теңіз мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндіктеріне тоқталды.

Abu Dhabi Ports (ADP) – Біріккен Араб Әмірліктерінің порт, өнеркәсіптік және логистикалық операторы, өз портфелінде Абу-Дабидің әртараптандырылған экономикасының негізгі секторларын қамтитын ірі кәсіпорындар бар аймақтағы ең ірі холдинг компаниялардың бірі. ADP БАӘ мен Гвинеяда 11 порт пен терминалға (контейнерлік, жалпы жүктер, Ро-Ро, круиздік), сондай-ақ 550 шаршы км-ден астам өндірістік аймақтарға иелік етеді және басқарады, бұл сауданы жеңілдетіп, Абу-Дабиді бүкіл әлеммен байланыстырады. Порт кластерінде Абу-Даби, Зайед, Халифа, Мусаффа, Мухаррак, Сила және басқа да порттар бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған