Тәуелсіз бақылаушылар өз жұмысын қорытындылады — TilshiNews

Тәуелсіз бақылаушылар өз жұмысын қорытындылады

Осы жолғы президент сайлауы кезінде «HAQ» қоры 12 қалада сайлаудың өту тәртібін бақылады. Қазақстандағы 632 сайлау бөлімшесінде қордың 632 тәуелсіз бақылаушысы (байқаушысы) жұмыс істеді. Саяси дода аяқталған соң ұйым атынан байқаушы болған азаматтар 468 хаттама жинаған.

«HAQ» ҚҚҚ атқарушы директоры Тоғжан Қожалының айтуынша кейбір аймақтарда белгісіз тұлғалар байқаушылар жұмысына кедергі келтіруге тырысқан.

«Бақылаушылар комиссия мүшелері мен дауыс беруге келген азаматтардан көз алмай қарап отырды. Әрине, сайлау болған соң неше түрлі жағдай болады. Мысалы, аумақтық комиссиялардың кейбір мүшесінде дауыс беруге қанша адам келуге тиіс екені туралы нақты ақпарат болған жоқ. Кейбір жерде тіпті бақылаушыларға қатаңдау талап қойғандар да болды. Тағы бірде комиссия мүшелері видеоға түсіруге, бөлімшенің ішінде жүруге рұқсат бермеген. Бірақ біз талап еткеннен кейін райынан қайтып, жұмыс қайта жалғасты. Дауыс беруге келгендердің ішінде де заң бұзғандар болды. Кейбірі кабинаға екеуден кірді. Ондай кезде тоқтатып, олардан тәртіпті сақтауын талап еттік», – дейді «HAQ» ҚҚҚ атқарушы директоры Тоғжан Қожалы.

Ұйым өкілдерінің мәліметінше, өзге бақылаушы ұйымдарға қарағанда «HAQ» байқаушылары белсенді болған. Учаскелердегі комиссия мүшелері де өзге байқаушыларға қарағанда дәл осы ұйымның өкілдерінен құжатты көбірек талап еткен.

«Жалпы сайлаушылардың дауыс беру үлесі, біздің ұйымның есептеуі бойынша, 69,44% болды. Бұл жолы «бәріне қарсымын» деп дауыс берушілер үлесі ОСК мәліметінде 5,8% болса, біздің ұйымның есептеуі бойынша 6,33%. Одан бөлек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жіберген 200 куәліктің түпнұсқасын белгісіз адамдар көшірмеге алмастырып жіберген. Уақыттың қысқалығынан тек 100 куәлікті ретке келтіріп үлгердік. Бұл сайлау бізге үлкен тәжірибе болды», – деп мәлімдеді Тоғжан Қожалы.

Тәуелсіз байқаушылардың айтуынша, сайлау қорытындысы бойынша ресми ОСК ұсынған мәліметтер мен «HAQ» ұсынған деректер арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екен.

2 Comments

  1. Информация очень интересная. Леон бет сейчас является одним из крупных игроков рынка, предлагая беттерам большое количество акций, бонусов и высокий уровень сервиса.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған