Бірқатар теміржол, энергетикалық кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды — TilshiNews

Бірқатар теміржол, энергетикалық кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Тілші» үкіметтік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және т. б. басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.

2 Comments

  1. Спасибо за предоставленную информацию. Увы экология, питание сегодня оставляет желать лучшего. Здоровых людей сегодня просто нет. Мы наблюдаемся у кардиолога Виктории Зязиной https://t.me/kardio_russia и благодаря ей есть надежда еще пожить.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған