Ақтөбеде қаржыгерлерді кәсіби мерекемен құттықтады — TilshiNews

Ақтөбеде қаржыгерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Ақтөбеде Ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит жүйесінің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

Оған облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қаржы жүйесінің ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

«Ұлттық валюта күні – еліміз үшін аса маңызды мереке. Өзінің ұлттық валютасы жоқ мемлекет – басқа елдерге тәуелді мемлекет. Елдің тәуелсіздігінен асқан құндылық жоқ. Тәуелсіздік таңында Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі қиын әрі маңызды қадам болды. Соның арқасында экономика нығайып, әлеуметтік мәселелер шешіле бастады, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Бүкіл әлем Қазақстанды егемен мемлекет ретінде таныды», – деп атап өтті облыс әкімінің құттықтау сөзінде.

Мерекеге орай, саланың дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар қаржыгерлер, соның ішінде сала ардагерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен, ҚР Қаржы министрлігінің және ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған