БҰҰ сарапшылары мен Грузия полицейлері Ақтөбе заң институтында өткен семинарда бас қосты — TilshiNews

БҰҰ сарапшылары мен Грузия полицейлері Ақтөбе заң институтында өткен семинарда бас қосты

Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында шетелдік қонақтар мен Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары өкілдерінің қатысуымен БҰҰ ЕҚБ «Полиция оқу орындарында оқыту дағдылары мен әдістемелерін жетілдірудегі халықаралық тәжірибе» семинар-тренингі өтті. Шараның мақсаты — Ішкі істер министрлігіне ішкі істер органдарын жаңғыртуда көмек көрсету.

Ақтөбе заң институтына 40 қатысушы келді. Делегация құрамына Грузия ІІМ академиясының өкілдері және БҰҰ ЕҚБ халықаралық сарапшылары кірді, олардың халықаралық заңнамалық база негізінде ішкі істер органдарын стратегиялық реформалаудың ұлттық зерттеулерін қолдау бойынша көп жылдық тәжірибесі бар.

Бұл жоба қоғамда және адам құқықтары негізінде Заңның үстемдігін қолдауға бағытталған полиция қызметін жүзеге асыруда Қазақстандағы ұлттық әлеуетті нығайтуға бағытталған. Күтілетін нәтиже — полиция қызметін жаңғырту, мамандандырылған оқытуды ұлғайту және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

«Тілші-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *