Ақтөбедегі жас экобелсенділер зиянды қалдық шығаратын жергілікті өндіріс орнына экскурсия жасады — TilshiNews

Ақтөбедегі жас экобелсенділер зиянды қалдық шығаратын жергілікті өндіріс орнына экскурсия жасады

Ақтөбедегі жергілікті өндіріс орындарындағы зиянды қалдықтар мәселесі аз айтылмайды. Экологтар қыруар айыппұл салғанына қарамастан кейбір алпауыттар әлі күнге бұл мәселені толығымен шеше алмай отыр.

Мысалы, жергілікті Ақтөбе ферроқорытпа зауыты таяуда өңірдегі экобелсенділерге өндіріс орнына экскурсия ұйымдастырды. Зауыт басшылығы ондағы зиянды қалдықтарды болдырмау шараларымен таныстырды.

Бұл экоқауымдастық жетекшілері мен қоғам белсенділерінің Ақтөбе ферроқорытпа зауытына алғаш келуі емес. Алғашқы экотур 2020 жылы өткізілді. Компания өз қызметін ашық жүргізеді және қоғаммен байланыс орнатуға мүдделі.

«Біздің кәсіпорындар ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, мақсатымыз – цехтарды жаңғыртып қалдықсыз өндіріске көшу ғана емес, сондай-ақ зауыттың ескі қалдықтарын қайта өңдеу, — деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Сергей Прокопьев. – Біздің компания экологиялық бастамалар мен инновацияларға көп көңіл бөледі. Біз өз қызметімізде қоршаған ортаға жүктемені азайтуға басымдық береміз және әрине, Ақтөбенің қоғам тынысына бей-жай қарамайтын тұрғындарымен әңгімелесуге мүдделіміз. Біз ашық та жариялы жұмыс істейміз. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында Қазақстанда  өндірістік кәсіпорынға тұңғыш рет туристік маршрут ұйымдастырылды. Зауыттағы оң өзгерістерді тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де көрсін деп Сіздер үшін бүгін тағы экскурсия өткізіп жатырмыз.

Келушілерге 1943 жылдан бері істеп тұрған №1 балқыту цехының бірінші жаңартылған пешін көрсетті. Бұл пеш жаңғыртылған. Компания жұмыстарында экологиялық жағынан тазалыққа баса назар аударады. Цехта барлығы жеті осындай пеш болады.

Мамандар шаң сақтауға арналған бункерлерді жинап, болашақ сүзгілердің орнына іргетастар салады. Екінші цехтағы жұмыстар жоспарға сәйкес осы жылдың соңына дейін, ал бірінші балқыту цехында 2023 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталуға тиіс. Нәтижесінде қоршаған ортаға қатты заттардың шығарындылары кемі 30 %-ға азаяды.

Бұдан өзге, қоғам белсенділеріне компанияның екі жылдан бері қалдықсыз өндіріске көшкенін де айтып берді. 2017 жылдан бері экологиялық жоба жүзеге асып келеді. Осы жобаның шеңберінде өндіріс қалдықтары шихта материалдары ретінде қайтадан пайдаланылады. Бүгінде бірінші балқыту цехына тәулік сайын 200 тоннадан астам брэкс жеткізіледі.

Ақмарал Мұқашева, «Тілші»

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *