"Подкаст тыңдайсыз ба?": Райбек Сағадат ақпаратты жаңа форматта жеткізудің құпияларымен бөліседі — TilshiNews

«Подкаст тыңдайсыз ба?»: Райбек Сағадат ақпаратты жаңа форматта жеткізудің құпияларымен бөліседі

Пандемиядан кейін жастардың арасында қалыптасқан мәдениеттердің бірі – подкаст тыңдау. Подкаст дегеніміз жалпыхалықтық түсінікте жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудиоконтент.

Подкаст жазатын адам подкастер деп аталады. Жалпы подкаст жазу, оның жоспарын дайындау, оны өңдеу, таратудан құралған жұмысты подкастинг деп атайды.

Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандырудың, интернет кеңістігінде тиімді контенттердің бірі – подкаст әзірлеп жүрген Райбек Сағадатов «Тілші» оқырмандарымен лайфхактармен бөліседі.

  • Алдымен «неліктен подкаст жазғым келеді?» деген сауалға нақты жауап беріңіз. Ол үшін онлайн платформалардағы подкасттардың бірінші шығарылымын тыңдасаңыз, қарасаңыз болады. Әдетте подкасттын бірінші санында барлық подкастерлер мақсат-міндеттерін айтады. Талдай отырып сіз де өзіңіздің бұл іспен неліктер айналысқыңыз келетіндігіңізді таба аласыз.
  • Екіншіден, Сіздің подкаст кімге арналады? Соны анықтаңыз. Әдебиеттерде сіздің дауысыңыз, тәжірибеңіз, біліміңіз бен өмірден түйгендеріңіз сіздің біреуге берер сыйлығыңыз делінген. Ендеше сол сыйлықты кімге бергіңіз келеді? Бергіңіз келген адам қандай формада, мөлшерде, өлшемде қабылдай алатынын ескеруіңіз қажет.
  • Үшіншіден, подкаст форматы. Бұл кезде сізде үш таңдау бар. Бірінші – бар форматты өзгеріссіз алу, екінші – бар форматты өзіңізге ыңғайлап өзгертіп алу, үшіншісі – өзіңіз бір формат ойлап шығару.

Бар форматтар: интервью, дөңгелек үстел, күнделікті жаңалықтар, рейтинг, кеңес, деректі материал, журнал, шоу, шағын әңгімелер, көркем әдебиет.

Ең маңыздысы подкастарыңыз ойдағыдай болса, монетизация туралы ұмытпаңыздар.

Райбек Сағадат, «Тілшінің» Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған