
Биыл Ақтөбе облысында он ауылдық елді мекенге газ келеді.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың хабарлауынша, осылайша жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 835 мың адам немесе өңір халқының 93,4 пайызы тұратын 152 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады.
2022-2025 жылдар ішінде 76 елді мекенді газдандыру міндеті қойылды. Нәтижесінде газбен қамтылған тұрғындардың үлесі 97,6 пайызға жетеді.
«Тілші-ақпарат»