Энергетика министрі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру жөнінде айтты — TilshiNews

Энергетика министрі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру жөнінде айтты

Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Болжамдарға сәйкес 2022 жылы өңделген мұнай көлемі 13,72 млн.тоннаны құрайды және өткен жылғы көрсеткіштен 1,04 млн. тоннаға асады. 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн.тоннаны құрады және өткен жылғы көрсеткіштен 259 мың тоннаға немесе 7,7%-ға асты.

Қабылданған шаралар оң әсерін тигізіп, мұнай базаларында дизель отынының қорын 163,8 мың тоннаға дейін немесе жолдағыны ескере отырып, 235 мың тоннаға дейін ұлғайтуға (12 қыркүйектегі деректер), сондай-ақ дизель отыны жоқ АЖҚС үлесін 633-тен 485 АЖҚС-қа дейін төмендетуге мүмкіндік берді, жалпы Қазақстанда 3 120 жанармай құю станциясы жұмыс істейді.

Ведомство басшысы атап өткендей, қазіргі уақытта Министрлік өз тарапынан әкімдіктердің барлық өтінімдерін жинап, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, дизель отынының қажетті көлемін бөлуді пысықтауда.

«Тілші-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *