
Мұғалжар ауданының жастары Түркістан облысының тарихи орындарына сапар шекті, деп хабарлайды «Тілші». Сапарды «Жас Өрен» қоғамдық бірлестігі Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырды.
Сапар барысында аудан жастары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан-Баб мавзолейі, Отырар қалашығы, былтыр қолдануға берілген «Керуен Сарай» кешенінде болды. Сонымен бірге, соңғы жылдары туристер ағыны күрт артқан Түркістандағы өзге тарихи-туристік нысандарды аралады.
Жоба жетекшісі Нұргүл Қалиеваның айтуынша, аудан жастары үшін мұндай жоба алғаш ұйымдастырылып отыр.
«Сапардың өз қызықтары болады. Әр саланың жастарымен бір-бірімен танысты. Екіншіден еліміздегі туристік нысандарды аралап, тарихымызбен танысты, киелі жерлерге зиярат етті. Бір жағынан танымдық сипатқа ие сапар болса, екінші жағынан ұл-қыздарымыз үшін өзіндік демалыс болды», – дейді Нұргүл Қалиева.
Өз кезегінде, жастар алдағы уақытта осындай жобалар жалғасса деген тілек-лебіздерін жеткізіп жатты.
«Бір қалада тұрсақ та, бір-бірімізді білмейді екенбіз. Жолға шыққанда қаншама дос таптым. Оңтүстік өңірдегі көптеген қызықты орындарды көрдік. Түрлі ойлар келді. Елімізде әдемі жерлер бар екен. Алайда, жұмыс деп жүріп, көп шыға бермейді екенбіз», – дейді Қандыағаштағы №1 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бауыржан Көмекбаев.
Р.Сағадат, «Тілші»
Спасибо вам за предоставленную информацию. Служба поддержки Пин ап при необходимости также подскажет как пин ап скачать и адрес рабочего зеркала.
Благодарим за предоставление информации. Если Вы собираетесь не просто затеять ремонт своего жилища, а придать ему индивидуальности и создать элегантный интерьер, чтобы мебель располагалась правильно, а стили и цвета идеально сочетались, Вы не обойдетесь без услуг грамотного дизайнера. Студия дизайна https://pg13.ru/razrabotka-interera-kvartiry-v-studii-dizayna в Москве оказывает профессиональные услуги по разработке дизайна квартир под ключ. Специалисты фирмы разработают проект дизайна интерьера высокого качества, но при этом по доступной стоимости, обеспечат контроль качества работ строительной бригады. Студия дизайна работает без шаблонов, все проекты являются уникальными.
Спасибо за такую информацию. После входа на сайт pin up online игрок сразу же становится участником программы лояльности pin up casino qeydiyyat