Қандыағаш жастарына тренингтер сериясы ұйымдастырылды — TilshiNews

Қандыағаш жастарына тренингтер сериясы ұйымдастырылды

Мұғалжар ауданының жастарына «Ақпараттық науқан», «Шетелде білім алу жолдары», «Кәсіп бастау», «Интернеттегі қауіпсіздік», «Волонтерлік қызмет» тақырыптарында тренингтер сериясы өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Тренингтер сериясы «Идеядан – іске» әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті. Шараға 50-ге тарта жас қатысты.

14 жасынан ерлердің шаш үлгісін жасап, 17 жасына дейін бірнеше шәкірт тәрбиелеп үлгерген Ақтөбедегі барбер шеберлерінің бірі Әсет Даражадинов Қандыағаш жастарына кәсіп бастау жөнінде тәжірибесімен бөлісті.

YBYRAI FUND өкілі Еркебұлан Төребеков волонтерлік қызметтің төңірегінде әңгіме қозғады. Жұбанов университеті департаментінің директоры Майра Алдиярова шетелде тегін оқу мүмкіндіктері туралы жастарға мол ақпарат берді.

Осы университеттің қызметкері Райбек Сағадатов интернет пайдаланушының психологиясы мен желідегі қауіпсіздік жөнінде дәріс оқыды.

Айта кетейік, «Жас өрен» қоғамдық бірлестік қолға алған шара соңында аудандағы NEET санатындағы жастарға салтанатты жағдайда шағын гранттар табысталды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: Зайырбек Есенжол

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған