Мүгедектер арбасына таңылған ақтөбелік бойжеткеннің бір хоббиі - фото өнері — TilshiNews

Мүгедектер арбасына таңылған ақтөбелік бойжеткеннің бір хоббиі — фото өнері

Өмірде сан қилы тағдыр бар. Адам туғаннан он екі мүшем сау болса деп армандайды. Жан қиналғанда ғана дәрігерге жүгінетін талай жанның өміріне дәрігер араша түсе ала ма?

Ал, кейбірі тіпті сол ақ халатты абзал жанның қателігінен мүгедек арбасына танылуға мәжбүр. Сондай жанның бірі үш жасынан тағдыр тауқыметін көрген, Гүлфайра Рамазановамен азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы, тілші Ақмарал Мұқашева тілдескен еді.

Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып тұратын кейіпкеріміз үш жасынан бері балалардағы церебралды паралич (ДЦП) ауруына шалдыққан. Дәрігерлер ауруының себебін таба алмаған. Бала кезде берілген екпеден болуы мүмкін деген тұжырымға келген.

Отбасындағы барлық мүшелерінің денсаулығында кінәрат жоқ.  Тек Гүлфайра ғана дәрігер қателігінен, бұлшық еттері дамымай, аяқтары өспей қалған. Қарапайымдылықты, мейірімділікті жаны сүйетін кейіпкеріміз дәрігерлерге кінә артқысы келмейді. Бұл оның тағдырына жазылған сынақ деп есептейді.

Есейе келе оқуға құштар Гүлфайра үйден білім алып, білімін жетілдіреді. Қатардан қалмай, 11 класты аяқтайды. 2010 жылы Қандыағаштағы Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжіне оқу орнына түсіп, «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығын аяқтап шықты.

Қазіргі таңда осы дипломының жемісін көріп жүр. Ақтөбедегі Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Сражова Гүлмирам Аманжолқызы Гүлфайраға қолдау көрсетіп, офис менеджері ретінде жұмысқа алған. Бірнеше жобаға қатыстырып, қоғаммен байланысын үзбеуге үйреткен, еңбекке баулыған.

Көп уақытын емшіге қаралуға арнап, 16 жасында ғана мүгедек арбасына танылған. Алайда, қайсар қыз аяққа тұрудан еш күдер үзбеген. Сынықшы Бағдагүл Шынысқызының өзі Гүлфайраға мұның екпеден болғанын айтқан. Төсек тартып қалмау үшін дене белсенділігін арттырып, көбірек мүгедек арбасымен жүруге кеңес берген.

Ақтөбедегі сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының директоры Құралай Байменова және атқарушы директоры Гүлмирам Аманжолқызы талай жанның қоғамнан тысқары қалмай, жұмыспен қамтылуына өз үлестерін қосып жүр. Мүмкіндігі шектеулі жанның өз құқығын білуіне көмегін беріп келеді.

Жастардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған «Zhas Project» жобасында Гүлфайра жеңімпаз атанып, 1 млн теңгенің сертификатын иеленген. Бұл жоба арқылы фотоаппарат және т.б. қажетті құралдарды сатып алып, мүмкіндігі шектеулі жандарды фотоға түсірген. Сол жоба аясында «Алаш» қо­ғамдық бірлестігіндегі балалар мен жас­өс­пі­рімдерге арналған «REAL» фото студиясында қызмет атқарды.

«Атамекен» бизнес бастау орталығында кәсіпкер Жандос Серікұлынан оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренген. Одан соң, ақылы түрде тігіншілікті оқып алған. Қолөнер маманы, тігінші Гүлзада Ғабиденқызы талантты қызға қолөнердің  курсын үйретті.

Лига волонтерлер тобымен де етене араласып, арнайы жобасымен 500 мың теңгенің жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда Гүлфайра тігіншілікпен және операторлықпен айналысып жүр. Бір қуантарлығы, үйден жұмыс жасау арқылы анасына қолғабыс етіп келеді.

Гүлфайра Рамазанованың басты арманы осы күйін сақтап қалу. Аяқтан тұрып кетпесе де, адамдармен араласып, жұмыс жасасам деген ойы он екі мүшесі сау адамға ой салады. Расында, достарының ортасында сыйлы жанның бізде аяқтан тұрып кетуін тілейміз. Алайда, «ота жасатсам жағдайым бұдан да жаман болады» деген қорқыныш Гүлфайраға үрей тудырады.

Айналасына ізгілік нұрын сеуіп жүрген, жүрегі мейірімге толы Гүлфайраның арманы орындалары сөзсіз. Гүлфайра секілді еңбексүйгіш жастардың қатары көбейе берсін!

Ақмарал Мұқашева, «Тілші» сайты жанындағы Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы

«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады

фотолар Гүлфайраның жеке мұрағатынан

3 Comments

  1. «Рухы мықты адамдар ешқашан сынбайды. Құласа да, қайтадан тұрады».
    Жазушы Аягүл Мантайдың инста-парақшасынан үзінді.

  2. Полезная информация спасибо. В случае если Вы собираетесь не просто сделать ремонт своего жилища, а придать ему индивидуальности и создать элегантный интерьер, чтобы правильно располагалась мебель, а цвета и стили идеально сочетались, Вы не обойдетесь без услуг грамотного дизайнера. Студия дизайна https://pg13.ru/razrabotka-interera-kvartiry-v-studii-dizayna в Москве предоставляет услуги по профессиональной разработке дизайна квартир «под ключ». Опытные специалисты фирмы выполнят проект дизайна интерьера высокого качества, но при этом по доступной стоимости, проконтролируют качество работ строительной бригады. Студия дизайна не использует шаблоны, все проекты являются уникальными.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *