
Байғанин ауданының Алтай батыр ауылы «егіздер ауылы» атанып кеткен. Ауылда ағып жатқан артезиан суынан ішкендер егізді болады-мыс. Ел арасында бұлақ жайлы аңыз-әңгімелер кең тараған. Ауылға ниеттеніп келіп, судан ішетіндер де бар екен.
Алтай батыр ауылы 1964 жылы совхоз болып құрылған. Құдық қазылғанда су жоғары қысыммен атқылаған. Кейін құбыр орнатылыпты. Содан бастап бұлақ тоқтаусыз ағып, ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етіп келеді.
«Жақында ғана Алтай батыр ауылына барып қайттым. Ауылдық округ әкімінің сөзінше, ауылда 54 жанұя егізді болыпты. Ауыл тұрғындары егізді болудың құпиясын артезиан суымен байланыстырады. Тіпті, ауыл маңындағы мұнай фирмаларының қожайындары да егізді болған», – дейді Ақтөбенің ішкі туризмін дамытып жүрген Еркебұлан Аймұратұлы.
Баяғыда ауылға бір отбасы көшіп келіпті. Тұқымында егіз балалар болмаса да көп ұзамай егізді болған.
«Мен бұлақтың екі жерден ағып жатқанын көрдім. Бірі ауыл ішінен, екіншісі Аққұмның маңындағы бақтан ағады. Қазір ауыл тұрғындары ауыз суымен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұған дейін ауыл адамдары артезиан суын ішкен. Судан темірдің дәмі сезіледі. Дегенмен халық суды әлі күнге дейін тұрмыста пайдаланады», – дейді ол.
Еркебұлан Аймұратұлы Байғанин ауданына жыл сайын көптеген туристерді әкеледі. Олардың бәрі де Аққұмның кереметін көруге, Алтай батыр ауылындағы бұлақтан су ішуге келеді екен.
Аружан Смағұлова, Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы
За предоставленную информацию благодарим. Свежих daewoo уже почти не осталось, поэтому если скрутить пробег на daewoo вот тут например https://obdservice.ru/skrutit-probeg/daewoo , то шансы на продажу увеличатся в разы.