Ақмола облысында 10 көпбалалы және аз қамтылған отбасы микробизнес ашу үшін балапандарды алатын болады — TilshiNews

Ақмола облысында 10 көпбалалы және аз қамтылған отбасы микробизнес ашу үшін балапандарды алатын болады

«QAREKET Жақсылық жаса» ҚҚ екінші жыл бойы Ақмола облысында балапандарды өсіру және оларды аз қамтылған отбасыларға гуманитарлық көмек ретінде және микробизнесті іске қосу үшін табыстау бойынша бастаманы іске асырып жатыр. Жобаны Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Qolda 4.0» жедел көмек бағдарламасы шеңберінде іске асырып жатыр, деп хабарлайды «Тілші».

«Үй құстарын өсіру бойынша микробизнес ашу идеясы пандемия кезінде пайда болды, біз «QAREKET Жақсылық жаса» ҚҚ командасымен осы қиын кезеңде көптеген отбасы базалық азық-түлікке мұқтаж екенін түсіндік. Егер аулада кемінде 50–100 тауық болса және жұмыртқа салатын болса, онда бұл отбасыларда жеткілікті тамақ болады деп ойладық. Олар жұмыртқа, ет сата алады және ақша таба алады», – дейді қор директоры Дина Сырғабаева.

Жоба командасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында әлеуметтік осал санаттағы 10 отбасын қамтуды жоспарлап отыр. Әрбір отбасы гуманитарлық көмек және микробизнес ашу үшін 100 бөдене балапанын тегін алатын болады. Жобаны әлеуметтік санаттағы отбасылардың тізімін ұсынған жергілікті әкімдік қолдады. Консультация және қатысушыларды іріктеу келесі негізгі критерийлер бойынша конкурстық негізде жүргізіледі: мотивация, өз ауласының болуы, үй құстарын өсіру үшін жағдай болуы.

Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірлесіп қор командасы игілік алушылар үшін үй құстарын өсіру бойынша оқыту трениңдерін өткізуде. Сонымен қатар, университеттің бейінді профессорлары онлайн форматында және ортақ чаттарда консультация береді.

Мұқтаж адамдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін инкубаторлық бизнесті дамыту жобасы 2021 жылдан бастап іске асырылып, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 20 отбасының 5-і істі жалғастырып, бизнесін кеңейтіп, табысқа қол жеткізді. Қазір олар жобаның басқа қатысушыларына практикалық көмек және консультация беру арқылы көмектеседі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған