"Тілшіні" қолдайық. Қалай донат рәсімдеуге болады? — TilshiNews

«Тілшіні» қолдайық. Қалай донат рәсімдеуге болады?

Донат не үшін керек?

Еркін ойлы басылымды қолдау — әлемде бар практика. Біз оқырманға керекпіз, оқырман бізге керек. Біз басқа жолдармен де қаржы көздерін табамыз. Дегенмен, оқырман көмегі артық болмайды.

Донат — ақша табуды көздемейді, біз және сіз үшін маңызды жобаны жалғастыруды мақсат тұтады.

Бес жылдан астам уақыт біз оқырманымызға контент ұсынып келеміз.

Донаттан түскен қаржы қайда жұмсалады?

Оқырман қолдауы — іссапарларға, репортаж бен зерттеу жүргізуге, ашық мәліметтермен жұмыс істеуге, қосымша авторлар жұмылдыруға, қызықты контент жасауға жұмсалады.

Болашақта подкаст түсіргіміз келеді, видео сұқбаттар әзірлеу ойда бар, кітап шығарғымыз келеді, қоғам үшін пайдалы контент әзірлей бергіміз келеді. Оқырман қолдауы сол үшін керек.

Жобаны қалай қолдауға болады?

Егер сіз «Тілші» сайты мен «Тілші» жобаларын қолдағыңыз келсе, tilshi.media@gmail.com электронды поштасына немесе +7 778 523 44 96 телефон нөміріне хабарласыңыз. Толық мәлімет береміз.

Айтпақшы! Донат есебі сайтта тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *