"Жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болады?" - "Тілші" медиа мектебінің курстарына шолу — TilshiNews

«Жазғы демалысты қалай тиімді өткізуге болады?» – «Тілші» медиа мектебінің курстарына шолу

Жаз мезгілінің екінші айы өтіп барады. Ал, осы демалыс уақытын қалай тиімді өткізуге болатыны жайлы ойланып көрдіңіз бе? «Тілші» медиа мектебі өз курстарына шолу жасайды.

«Тілші» медиа мектебінде оқытылатын курстар тізімі:

🌐 Журналистика курсы. Онлайн және офлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 1,5 ай.

Бұл курста журналистика негіздері, ақпарат алу жолдары, ақпарат көздері, интернет-журналистика, жаңа медиа, фактчек, мәліметтер базасы, журналистика жанрлары, мәтін құрылымы, интервью, мобильді журналистика секілді тақырыптар қамтылады.

Дәрісті өңірге белгілі журналистер жүргізеді.

***

🌐 SMM және медиа. Онлайн және офлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 2 апта.

Бұл курста әлеуметтік желідегі парақшаңызды дұрыс және сауатты жүргізуді үйренесіз. SMM негіздерімен қоса, бүгінгі таңдағы тенденциялармен таныс боласыз.

«Тілшінің» әлеуметтік желіге қатысты курсына тіркеліп, SMM әлемінде еркін жүзіңіз!

Тренерлер – өңірдегі практик SMM мамандары.

***

🌐 Копирайтинг курсы (онлайн/офлайн) – Ұзақтығы – 2 апта.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желіге дұрыс мәтін жазудың өзі үлкен шеберлікті талап етеді.

Копирайтинг – сөз байлығыңды көрсетіп, көлемді мәтін жазу емес. Желіге мәтін жазудың өз ережелері, өз формулалары бар.

«Тілшінің» копирайтинг курсында мәтінге «жан бітіруді» үйретеміз, оқылатын текст жазып үйренесіз.

***

🌐 Медиасауат (онлайн/офлайн). Ұзақтығы – 20 күн.

Заманауи қажеттіліктің бірі – дұрыс ақпарат тұтыну. Алайда, тексерілмеген ақпараттың салдары неге апаратынын күнделікті өмір көрсетіп отыр.

Медиасауат курсында сыни ойлаумен қатар, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын тексеруді үйренесіз. Ақпаратты сауатты пайдалануды игеруге болады.

Курсты медиа саласының білікті мамандары жүргізеді.

***

🌐 Мобильді журналистика курсы тек офлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 20 күн.

Теориядан гөрі практикаға басымдық беріледі. Мобильді журналистиканың көмегімен гаджеттерге арналған сапалы, мағыналы контент жасауды оқып үйренесіз.

Қолыңыздағы смартфонның көмегімен көрермен назарын аударатын материалдар әзірлеуге болады.

***

🌐 Сайт жасау (жеке, офлайн). 2 апта.

Небары 5 сабақтың ішінде сіз интернет сайтын жасап үйренесіз. Бүгінде сайт – кез келген кәсіп үшін маркетинг құралы. Сайт жасау арқылы курсқа жұмсаған қаржыңызды тез уақытта қайтарып, табыс табуға болады.

***

🌐 PR және коммуникация курсы. 

Онлайн және офлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 1,5 ай.

Курста заманауи мамандықтардың бірі – PR негіздерімен таныс болып, кризисті жағдайлардан шығудың жолдарымен танысасыз. Кейстерді талқылап, қоғаммен байланыс орнатудағы жаңашылдықтарды үйренесіз.

***

Офлайн курстар Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 1-224 мекенжайы бойынша өтеді.

Онлайн курстар Zoom платформасында өтеді.

Bonus: Оқу барысында қатысушылар жоспардан тыс шараларға (журналистермен кездесулер, дөңгелек отырыстар, зум-сабақтар, шеберлік сағаттары, баспасөз қызметкерлерімен басқосулар, т.б.) қатыса алады.

Анықтама телефоны: +7 778 523 44 96 (WhatsApp, Telegram)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған