Шетелдегі оқу орындарына тек Назарбаев пен Білім инновация мектептерінің түлектері түсе ме? — TilshiNews

Шетелдегі оқу орындарына тек Назарбаев пен Білім инновация мектептерінің түлектері түсе ме?

2022 оқу жылының түлектері бүгінде мемлекеттік грантқа құжаттар тапсырып жатыр, бірақ қазақстандық жоғары оқу орындарына тапсырмай, алыс жақын шетелге оқуға тапсырған түлектер де бар. «Тілші» сайты Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы Райбек Сағадатов осы төңірегінде замандастары арасында сауалнама жүргізген болатын.

Қоғамда шетелге жеке мектептер мен Назарбаев, Білім инновация мектептерінің түлектері ғана оқуға барады деген жансақ пікір бар. Бүгінде кез келген мектеп түлектерінің шетелге оқуға түсуге мүмкіндігі бар. Төмендегі талапкерлердің ойларына назар аударып көріңіз:

  1. Сағидуллова Әнел Серікқызы
  2. № 50 орта мектеп
  3. таңдаған университеті: University of business in Wroclaw, Польша
  4. Менеджмент және экономика факультеті

Әнел Серікқызы: 

«Өзімнің болашағымды шетелмен байланыстырамын және бұл болашаққа үлкен қадам. Себебі, менде Польша дипломымен басқа елдерде жұмыс істеуге кедергі болмайды. Қазақстанда да жұмыспен проблема болмайды. Тағы шетелді таңдауға себеп болған фактор – ол ҰБТ. Мен үшін емтихан үлкен стресс болар еді. Мектебім, ата-анамның үмітін ақтау маған маңызды болатын. Және визаға келсек, мен университетте оқып жүріп Еуропаны аралай аламын.

Сонымен бірге, Польшада университетте оқу мерзімі 3 жыл, яғни мен өз қатарымнан 1 жыл ерте бітіремін. Бұйырса. Осы факторлардың барлығы шетел университетің таңдауға себепкер болды».

 

  1. Әлішер Ізтілеуов
  2. № 64 мектеп
  3. таңдаған университеті: Mehmet Akif Ersoy университеті, Түркия
  4. Ландшаф архитекторы

Әлішер Ізтілеуов:

«Шетелге оқуға барамын деп шештім, Қазақстанға қарағанда Түркияда мүмкіндік көбірек.  Университет қымбат емес. Аттестатта тек бестік бағалар болу керек».

 

  1. Нафиса Изекеева
  2. Шалқар қаласындағы № 4 мектеп
  3. Солтүстік Кипр, Лефке Еуропалық университеті
  4. Дипломат (халыкаралық қатынас)

Нафиса Изекеева:

«Бірінші кезекте менің мамандығым – әлемдік қатынас тілі – ағылшын тілін талап етеді. Ал Қазақстанда тілді дамыту, мен үшін шет елдегідей жылдам, әрі жеңіл емес, сондықтан шетелде білім алу – мен үшін жақсы практика.

Екіншіден – Қазақстандағы жоғары оқу орындары. Мінсіз білім беру жүйесі болмайды, десе де шикілік көп. Әлеуметтік желілерде универлер жайында ақпараттар аламыз. Тикток, инстаграм сынды әлеуметтік желілерде универлер, ондағы шәкірттердің пікірлерін табу оңай. Әркім әртүрлі жауап беріп жатады. Байқағаным – негативті пікір басым.

Осы жылы Солтүстік Кипрдегі Лефке университетіне құжат тапсырдым. Енді грант немесе грант емесін күтіп отырмыз. Бір жыл оқыған соң, Италияға құжат тапсырамыз».

 

 

 

 

 

Әзірлеген Райбек Сағадатов, Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған