«Сенатордың» былғары креслосынан бас тарттым – Асылжан Мамытбеков — TilshiNews

«Сенатордың» былғары креслосынан бас тарттым – Асылжан Мамытбеков

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбековке атышулы отставкасынан кейін Сенат депутатының мандаты ұсынылған. Бұл туралы «…Сұрауы бар» YouTube арнасының Ашық сұхбатында айтылады.

«Мен қызметтен кеткеннен жарты жылдан кейін президент тізімімен берілетін сенатор қызметі ұсынылды. Бірақ мен бас тарттым. Біріншіден ол мемлекеттік қызмет болды. Мен салалық жұмысымды онымен қатар алып жүре алмайтын едім» – дейді Ет одағының төрағасы Асылжан Мамытбеков.

Экс-министр 2016 жылы жер митингілерінен кейін сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан сөгіс алып, өз еркімен отставкаға кеткен. Алайда жарты жылдан кейін Президент Әкімшілігі саяси қызметке қайтып келу туралы ұсыныспен шықты дейді.

«Ол президенттік тізім ғой. Ұсынған адамдар – ол саған деген үлкен сенім, отыра тұрсаң ертең басқа жерге барасың деді. Маған сенім артса басқа жерден-ақ тартып алады деп қалжыңдасып тарадық» – дейді Мамытбеков. Ал бас тартуының себебі – сенатор қызметі менің принциптеріме қайшы дейді саясаткер. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көріңіздер.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған