Банк секторы ықтимал күйзеліс сценарийлеріне дайын ба? Қаржы нарығын реттеу агенттігі ЕДБ өкілдерімен кездесті — TilshiNews

Банк секторы ықтимал күйзеліс сценарийлеріне дайын ба? Қаржы нарығын реттеу агенттігі ЕДБ өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) тоқсан сайынғы онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды «Тілші» агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында ЕДБ-нің активтердің сапасын бағалау (AQR) нәтижелері бойынша түзету шаралары жоспарларының орындалуы талқыланды, олар үздік халықаралық практикаға сәйкес ЕДБ-нің негізгі бизнес-процестерін елеулі түрде өзгертеді. Бүгінгі күні  AQR іс-шаралар жоспары 76%-ға орындалды. Бастапқы бекітілген кестеге сәйкес барлық түзету іс-шараларын 2023 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Іс-шаралар жоспарларын іске асыру мерзімдері аяқталуға жақын екенін ескере отырып, Агенттік мониторингті күшейту мақсатында ішінара инспекциялық тексерулердің санын ұлғайтуды және тоқсан сайынғы негізде ЕДБ-мен жеке кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, банк секторының орнықтылығын және ықтимал күйзеліс сценарийлеріне дайындығын бағалау үшін тұрақты AQR және қадағалап стресс-тестілеу шеңберіндегі жұмыстардың ағымдағы мәртебесі және одан әрі іс-әрекеттер талқыланды.

Сонымен қатар, ЕДБ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтерді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде енгізілген новеллалар туралы хабардар етілді. Бұл заң стрестік активтердің өтімді нарығын қалыптастыру мен дамыту және оларды нарықтық қағидаттармен экономикалық айналымға тарту үшін қабылданды. Сондай-ақ, заң шеңберінде стрестік активтерді сатып алу және сату үшін бірыңғай цифрлық платформа құру жөніндегі іс-шаралар көзделген.

Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар экономикаға кредит беруді  ұлғайту мақсатында ЕДБ реттеу мәселелерін қарады. Осыған дейін 2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық Банкке, Агенттікке және ҚР Үкіметіне банктерді экономиканың нақты секторына кредит беруге тарту үшін қосымша тетіктер мен ынталандырулар әзірлеуді тапсырғанын еске сала кетейік.

Агенттік өз кезегінде 2022 жылдың 1-жартыжылдығында қабылданған негізгі реттеуші шараларды атап өтті. Бұл шаралар капиталға қысымды төмендету және банктердің өтімділігін босату арқылы ЕДБ-нің кредиттік белсенділігін ынталандыруға бағытталған, бұл кредит беру нарығындағы ұсыныстың артуына ықпал ететін болады. Сондай-ақ, кредит беруді ынталандыруға бағытталған уақытша реттеушілік шаралардың қосымша топтамасын қабылдау жөніндегі жоспарлар талқыланды, оларды 2022 жылғы 3-тоқсанда іске асыру жоспарланып отыр.

2021 жылдың басынан бастап қаржы қоғамдастығымен өткізілетін тоқсан сайынғы кездесулер Агенттік қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігін арттыруға және тәуекелге бағдарланған реттеу мен қадағалауды іске асыруға, сондай-ақ қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *