"Тілшінің" кезекті басқосуында БАҚ өкілдеріне ақпарат алу жолдары түсіндірілді — TilshiNews

«Тілшінің» кезекті басқосуында БАҚ өкілдеріне ақпарат алу жолдары түсіндірілді

«Тілшінің» кезекті отырысында Ақпаратқа қол жеткізу тетіктері сөз болды.

Басқосуға Ақтөбедегі және аудандық БАҚ өкілдері («Керек инфо» және «Жем-Сағыз» газеттері, Aqtobe арнасы, білім басқармасы және Жұбанов университетінің баспасөз қызметкерлері, «Тілші» сайты, т.б.) қатысты.

Қатысушылардың айтуынша, журналистер көп жағдайда жазбаша сұраным жолдау тәжірибесіне сүйене бермейді. Ақпарат беруден бас тартқан жағдайда ақпарат иелеріне қандай шаралар қолдану керектігінен бейхабар. Семинар-тренинг те осы олқылықтың орнына толтыру мақсатында «Тілші» мектебінің бастамасымен өткізілді.

Кездесу барысында ақпараттың түрлері, оларды беру процедуралары мен мерзімі, ақпарат алу үшін жолданатын сұраным түрлері мен үлгілері туралы айтылды. Сонымен бірге, ресми хабарламалар бойынша түсініктеме алуға өтінім жайлы сөз болды.

Қатысушылар электронды сұраным жолдау жолдарымен де танысты.

Айта кетейік, «Тілші» мектебі мен «Тілші» сайты Ақпаратқа қол жеткізу жөнінде ақпараттық кампанияны қолға алған болатын. Біздің сайтымыз бен желідегі аккаунттарымызда ақпарат алу жөнінде жазбалар сериясы жарияланып келеді, сонымен бірге, офлайн-онлайн форматтарда кездесулер өткізу жоспарланған.

«Тілші-ақпарат»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *