Украинадағы соғысқа байланысты Ресейден кеткен "Дождь" телеарнасы Латвиядан шығатын болды — TilshiNews

Украинадағы соғысқа байланысты Ресейден кеткен «Дождь» телеарнасы Латвиядан шығатын болды

«Дождь» телеарнасы 18 шілдеде жұмысын ішінара бастайды. Бұл жөнінде арна директоры Наталья Синдеева «Холод» басылымына берген сұқбатында айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, бастапқыда «Дождь» ютуб-арнасында кешкі тікелей эфирлер мен бірнеше авторлық бағдарлама шығады. «Негізгі, үлкен бағдарлама күзде пайда болады, оған дейін студияны жасау керек» дейді Синдеева.

1 наурызда, Ресей Украинаға басып кірген соң бір аптадан кейін-ақ Ресей бас прокуратурасы «Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратып, экстремистік әрекеттерге шақырғаны үшін» «Дождь» сайттын бұғаттаған. 3 наурызда арна өз жұмысын тоқтатқан.

Наталья Синдееваның сөзінше, Ресейде одан әрі де жұмыс істей беру – Кремльдің ұстанымымен сай келмейтін кез-келген материал үшін журналистерді қуғындауға апарар еді. «Дождьтың» көптеген қызметкерлері Ресейден кетіп қалуға мәжбүр болған.

1 маусымда «Дождь» телеарнасы Латвия аумағынан тарауға рұқсат алған.

2010 жылы құрылған «Дождь» қоғамдық-саяси мәселелерге ойысуына байланысты көп ұзамай кабельді және спутник оператордан шеттетілген. 2017 жылы бұл арнаны Украина да бұғаттаған. 2021 жылы Ресей «Дождь» телеарнасын шетел агенті деп жариялаған, редакция бұл бағамен келіспеген.

azattyq.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған