
Бұл румын саясаткерінің автобиографиялық кітабы арқылы қазақ жастары Румыния тарихының бір кезеңімен танысуға мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабы да Бухарестте румын тіліне аударылып, жарыққа шыққан болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әке туралы ой-толғау» атты кітабында сонау Кеңес заманында күн кешкен қазақ отбасының өмір жолы, 30-шы жылдардағы аштық тартқызған нәубет, өмірдің сан түрлі сынақтары мен қуаныштарын жазады.
Сонымен қатар, «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым»,- деп жауап берген болатын.
Кітаптың аудармасы Бухарест Университетіне, Экономикалық ғылымдар академиясында, Бабеш-Бояй атындағы Клуж Университетіне жолданды. Президентіміздің кітабында суреттелген оқиғалар арқылы румын қауымы қазақ халқының болмысы, ой-санасымен танысады алады.
Кез келген ұлт өкілін құрметтеу – тілін, мәдениетін, тарихын құрметтеуден басталады. Ұлттық авторлардың – екі ел жоғары басшыларының дипломатиялық қарым-қатынастарының аясында аударылған шығармаларын оқығанда қазақ-румын халықтарының достастығы арта түсетіні анық.