Шри-Ланка оппозициясы жиналып, жаңа үкімет құру мәселесін талқылайды — TilshiNews

Шри-Ланка оппозициясы жиналып, жаңа үкімет құру мәселесін талқылайды

Шри-Ланкада оппозициялық партиялар 10 шілдеде жиналып, жаңа үкімет құру мәселесін талқылайды. Бір күн бұрын наразылар президент резиденциясын басып алып, мемлекет басшысы мен премьер-министрдің отставкасын талап еткен. Премьер-министрдің резиденциясы өртенген. Кейін президент Готабая Раджапакса және премьер-министр Ранил Викрамасингхенің отставкаға кетуге келіскені хабарланды.

Парламентке оппозициялық партия атынан сайланған М.А.Сумантиранның айтуынша, барлық оппозициялық күштер бірігіп, парламенттегі басым күшке оңай ие бола алады. Осылайша президенттен жаңа үкімет жасақтап, артынша отставкаға кетуді талап етпек.

Конституция бойынша, егер президент пен премьер-министрдің екеуі де отставкаға кетсе, парламент спикері уақытша президент қызметін атқарады.

Шри-Ланкада наразылық жыл басынан бері жалғасып келеді. Ел экономикасы ірі дағдарысқа ұшырады. Қалада жанар-жағармай, дәрі-дәрмек, азық-түліктің кейбір түрлері тапшы. Валюта резерві толық сарқылған. Билік бұған коронавирус індеті себеп болғанын айтады.

Мемлекеттің сыртқы қарызы 51 млрд долларға жетіп, дефолтқа ұшыраған.

azattyq.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған