Журналистер өз құқықтарын біле ме? - Tilshi.kz сауалнамасының аралық қорытындысы — TilshiNews

Журналистер өз құқықтарын біле ме? — Tilshi.kz сауалнамасының аралық қорытындысы

Ескерту! Tilshi.kz сауалнамасы ешқандай тараптың көзқарасын білдірмейді, сонымен бірге серіктес ұйымдардың пікірімен бірдей болмауы мүмкін.

Сонымен, сауалнаманың аралық қорытындысы не дейді? Айта кетейік, сауалнамаға негізінен Ақтөбе облысының, батыс аймақтағы Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, т.б. қалаларынан 30 тілші қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, біз сауалнаманың аралық қорытындысын жариялап отырмыз. Сауалнама әлі жалғасады. Сондықтан, егер сіз журналист болсаңыз, көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, міндетті түрде қатысыңыз.

Сауалнамаға қатысқандар облыстық басқармалар тарапынан толыққанды жауап болмайтынын айтады. Кей басшылар ұзақ күттіреді. Ақпарат беруден қашатындар бар. Шаралар туралы хабарламайды, кей баспасөз қызметкерлері шақырмайды. Жедел ақпарат алу мүмкін емес. Жолданған ресми хатқа уақытылы жауап берілмейді.

Сауалнамаға қатысқан тілшілер тағы не дейді? «Бастапқы берген ақпараттарын қайта-қайта өзгертуге немесе түбегейлі өзгертуге тырысады». «Сын және проблемаларды айтудан бас тартады». «Ресми басылымдар мен телеарналар ғана шақырылады».
«Егер мемлекеттік арнада қызмет етсең, тек позитив жазу керексің деп қабылдайды». «Кейбір органдар дайын мәліметті бермей ұстап отырады». «Ресми жиындардан өзгесіне қатысамыз. Министр қатысатын жиындарға шақырмайды».

Журналистер көбінесе құқық қорғау органдары тарапынан ақпарат алудың қиын екенін айтады. Прокуратура, сот, антикор, ішінара полиция органдарынан ақпарат алу қиын. Сонымен бірге, ұлттық компаниялар ақпарат беруде енжарлық танытады. Әсіресе, «Қазақстан теміржолы» компаниясының кейбір бөлімшелерінен мәлімет алу мүмкін емес. Сауалнамаға қатысқан тілшілер ақпарат беруде бірқатар әкімдік басқармалары тарапынан да материал жинаудың мүмкін еместігін алға тартады.

Жалпы, журналистер ақпарат алуда кедергі болатындарға шараны күшейту керек дегенді алға тартады. Сауалға жауап беру мерзімін қысқартуды ұсынады. Журналистердің ақпарат алу құқығын күшейтіп, ақпарат алуды әлдеқайда жеңілдету қажет деген ұсыныс бар. «Журналистердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қатысты баптарға әлі де толықтырулар енгізілу керек» деп санайтындар бар.

Сауалнамаға көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, әлі де қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Қорытындысы алдағы күндері толығырақ жарияланады.

«Тілші-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *