«Танк жүргізе алмайтын әскерилер генерал болып жүреді» - Ертаев Генералдық инспекция қызметін қайтаруды ұсынды — TilshiNews

«Танк жүргізе алмайтын әскерилер генерал болып жүреді» – Ертаев Генералдық инспекция қызметін қайтаруды ұсынды

Бақытжан Ертаев Қазақстанда Генералдық инспекцияны қайта енгізуді ұсынды. Әйтпесе, қазір танк жүргізе алмайтын кейбір әскерилер генерал деңгейіне дейін жетіп, әскери жүйенің қадірін қашырып жатыр. Ал тексеру министрліктің өз ішінен жүргізіліп, кем-кетіктің бәрін бүркейді. «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант YouTube-тағы «Сұрауы бар» арнасына сұхбат беріп, Президентке қандай өтінішпен хат жолдағанын айтты.

«Президентке хат кетті. Алды ма, алмады ма білмеймін. Біздің қарулы күштерде өз-өзін тексереді. Бұрын Кеңес кезінде генаралдар инспекциясы болған. Мен өзі инспектор болдым. Қарулы күштердің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл қарулы күштер, шекара және ішкі істерден біріккен комиссияда болуы керек. Оған бюджеттен ақша бөлінбейді. Сонда Бас қолбасшы біледі, қайсысы паркетте жүріп генерал лауазымын алды, қайсысы окоптан шығып генерал болды. Әйтпесе, қазір таңқаласың, кеше ғана түк білмейтін, танкімен ата алмайтын жігіт генерал болып жүреді», – дейді Бақытжан Ертаев.

1 Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған