«Бүкіл дүниемді саттым» - генерал Бақытжан Ертаев ауылына мешіт салып берді — TilshiNews

«Бүкіл дүниемді саттым» – генерал Бақытжан Ертаев ауылына мешіт салып берді

«Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев шамасы жеткенше қайырылымдылықпен айналысып жүр. Яғни, азаматтық парызы ретінде туған жері – Жамбыл облысына қарасты Жуалы маңындағы қазіргі «Ертай» деп аталатын ауылда мешіт пен көріп салып, тіпті таза суға дейін тартып беріпті. Ол үшін жиған-тергенінің барлығын да сатқан. Сауапты ісі жайында генерал YouTube-тағы «Сұрауы бар» арнасында журналист Ербол Сейілханға берген сұхбаты барысында айтты.

«Өкінетін дүние көп. Бірінші балам қайтыс болды. Одан кейін екінші балам да дүниеден өтті. Ауған соғысына амал жоқ командир ретінде бардық. Соның бәрі жүректі ауыртты. Ауылдарда кейбіреулер кафе соғып, ресторан салады. Мен марқұм балама бағыштап, бүкіл дүниемді сатып, мешіт салдырдым туған ауылымда. Кеңес, қазіргі Ертай ауылында, Жуалыда. Ел рахметтін айтып жүреді. Ұлытай деген кісі бер еді, сол: «Ал енді Бақытжан бізге көпір соғып бер», – деді. Көпір соқтым, ел батасын берді. Кейін: «Су шығарып бер», – деді. Су да шығарып бердім. Қазір енді сол ауылдың аты 12 жыл болды Ертай ауылы. Менің әкемнің әруағы бір аунаған шығар», – дейді генерал толғанып.

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған