«Тоқаевпен бір сапта тұруымыз керек» - Бақытжан Ертаев — TilshiNews

«Тоқаевпен бір сапта тұруымыз керек» – Бақытжан Ертаев

Қазақ жігіттері Отан алдында ант беріп, әскерден қашпауға үйренуі тиіс. Әрине, ол үшін жүйелі реформа қажет. «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Сұрауы бар» youtube арнасында журналист Ербол Сейілханға сұхбат беріп, Қорғаныс қызметінде жасалуы тиіс біраз жайттерді тізіп берді.

«Бірінші, әскерден жас бала қашпау керек. Сарбаздың беделін көтеруіміз қажет. Түркияда бір үйден бала әскерге кетсе, сол үйде жалау тұрады. «Осы үйден әскерге бала кетті» дегенді білдіреді. Оған құрметкен қарайды. Екінші, қазақ жігіттерінің бәрі Отан алдында Ант беруі керек. Бұл тәртіпке салады. Генерал ретінде қазіргі әскери құрылымда болып жатқан реформаларды қолдайды. Жүргізіп жатқан жұмыс дұрыс, әрі керек дүние. Жаңа Қазақстанға қадам бастық па? Ендеше Бас қолбасшымыз Президентпен бір сапта болуымыз керек,бүкіл ел болып», – дейді Бақытжан Ертаев.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған