Темір жастары құрған театр ұжымы Оралдан жүлдемен оралды — TilshiNews

Темір жастары құрған театр ұжымы Оралдан жүлдемен оралды

Өткен жолы «Тілші» сөз еткен Темір ауданына қарасты Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйінің жанынан жас режиссёр Енсегенов Тимурдың жетекшілігімен құрылған «Аманат» жастар театры Оралда қаласында тұңғыш рет жалауын желбіреткен «Театрдың ғажайып әлемі» атты батыс аймақтық балалар театрлары арасындағы фестивальге жол тартқан болатын.

Аталмыш фестиваль «Балалар жылы» және «Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығының халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы» аясында және ҚР халық әртісі, «Отан ордені» иегері, кино және театр актрисасы жерлесіміз Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан 8-16 жас аралығындағы 11 балалар өнер ұжымы қатысықан өнер бәйгесіне темірлік жас өнерпаздар Ш.Айтматовтың «Жәмилә» спектаклін қойып, нәтижесінде «Үздік қойылым» еншілесе, өнерімен көп ішінде даралаған театр мүшесі Сәндіғали Арғын «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды.

Жас өнерпаздарды жеткен жетістігімен шын жүрек құттықтаймыз. Өнер бәйгесінде көш басынан көріне беруін тілейміз.

Нұрбек Сұлтанғали, арнайы «Тілші» сайты үшін

«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған