
Мәдениет министрі Дәурен Абаев БАҚ өкілдерімен брифинг кезіндегі ерсі қылықтары үшін белгілі журналист Айнұр Коскинадан телефон арқылы кешірім сұрады, деп хабарлайды «Тілші».
«Мен де оған оның стилінде жауап бере алар едім. Бірақ, менде ішкі этика және ішкі мәдениет түсініктері бар. Біз барда немесе көшеде жүрген жоқпыз. Біз мемлекеттік кәсіпорынның ішіндеміз», – деді Коскина arbat.media тілшісіне берген сұхбатында.
Журналистің пайымынша, министр әрбір сөзіне, эмоциясына есеп бере алатын адам, сондықтан оның абайсызда осындай жайтқа жол беруі мүмкін емес.
Естеріңізге сала кетейік, брифинг барысында журналист министрге Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалындағы қонақ үй құрылысы туралы сұрақ қойған болатын. Алайда, «мәдениетті» министр Дәурен Абаев оны бұрмалап, ақырында өзі күлкіге қалды.
«Тілші-ақпарат»
фото: Internews Kazakhstan
Спасибо за предоставление информации.