Қазақ журналистерінің ағылшын тілінде материал әзірлеуі үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? — TilshiNews

Қазақ журналистерінің ағылшын тілінде материал әзірлеуі үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?

Қазақ журналистері ағылшын тілін еркін меңгеріп, үлкен аудиторияға материал дайындауы үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? Осы жөнінде «Тілші» сайты жанындағы Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы Ақмарал Мұқашева АҚШ елшілігінің Ақтөбеде қолға алған бағдарламасы туралы ұйымдастырушылар мен қатысушыларының пікірін білген еді.

«English for Professional Journalists in Kazakhstan» жобасы аясында журналистерді деңгейіне байланысты іріктеп аламыз. Былтыр қазан айында іріктеліп, тілдік деңгейі мен жетістіктері бойынша арнайы топтарға бөлінді.  Жоба республика бойынша 2017 жылы басталды, бір жылдан соң Ақтөбеде бастап кеттік. Әрбір журналист үшін тілді меңгеру өте маңызды. Бірнеше тіл меңгеру — заман талабы. Әлемдік сайттарды оқығанда түсініп, ақпаратты жедел тарата алады. БАҚ өкілдері үшін ағылшын тілін үйрену тегін. Сондықтан, сұраныс жоғары болса, жоба жалғасады. Биыл қатысушылар арнайы тест тапсырады, сертификат алады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде еркін сөйлету мақсатында ай сайын еркін форматта «Book club» өтіп тұрады», — дейді «English for Professional Journalists in Kazakhstan» жобасының оқытушысы Сандуғаш Мұхтарова.

Тіл білу – үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

«Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Мейрамгүл Рахатқызы екінші жыл қатарынан ағылшын тіліп оқып жүр.

«Қазақта «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген сөз бар. Тіл — сол ұлттың әдебиеті мен мәдениетіне жол ашады. Қазіргі уақытта «Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасы өтіп жатыр. Курсқа ел өңірлерінен, Ақтөбеден бірқатар журналист қатысып жүр. Мен екі жылдан бері қатысып келемін. Курстың бірнеше артықшылығы бар: таңдаулы мамандар сабақ береді, ағылшын тілі ана тілі болып есептелетін мамандар практикалық сабақ өткізеді, арнайы оқу құралдары беріледі, оқу жұмыстан тыс уақытта жүргізіледі, ақпараттық-технологиялық коммуникация құралдары барынша қолданылады және тегін. Сонымен бірге сабақтарды онлайн түрде жалғастыру үшін, әрі еліміздің түкпір-түкпіріндегі әріптестермен — журналистермен ағылшын тілінде байланыс жасау үшін онлайн чаттар да бар. Тағы бір артықшылығы — бағдарлама ағылшын тілін минималды деңгейде білуін талап етпейді, мүлдем тілді оқымаған журналистер де қатыса алады, яғни, тілді нөлден бастап оқуға мүмкіндік бар. Жақында «Next Level English» компаниясының директоры Nick Drapeau мырзамен кездесу өткізіп, бағдарлама туралы қызықты пікір алыстық. Мұның барлығы журналистердің кәсіби өсуіне, өзге елдердегі әріптестермен ақпарат алмасуға, тәжірибе алмасуға септігін тигізеді. Бағдарлама алдағы жылы да жалғасса, дұрыс болар еді. Және ұйымдастырушыларға, «Next Level English» компаниясының қыз-жігіттеріне алғысымызды айта отырып, бағдарламаның одан әрі жалғасуына тілектестігімізді білдіреміз», — дейді Мейрамгүл Рахатқызы.

Журналист, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі Бахыт Жаншаева да осы жоба аясында ағылшын тілін үйреніп жатқанын жасырмады.

«Мен бірнеше рет ағылшын тілі курстарына жазылдым. Тіл үйрену қолымнан келмейді деп бір сілтегенмін. Дегенмен, қолым босағанда ағылшын тілін үйренуді ойлап отырамын. Сондықтан тілді жетілдіру керек деп санаймын. Ағылшынша әдеби клубтар көп болсын», — дейді ол.

Ақмарал Мұқашева, Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы

«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады

 

 

2 Comments

  1. “English for Journalist” жобасы Қазақстан журналистеріне ағылшын тілін тегін үйренуге мүмкіндік береді. Бұл жобаның әрі де қарай өзінің жалғасын тапса өте жақсы болар еді. Ақтөбе журналистері осы жобаға үлкен белсенділік танытып, ұйымдастырылған шаралардың барлығына атсалыса қатысады

  2. Dear Akmaral, thank you very much for your article! Yes, the Project gives a unique chance for Kazakhstani journalists to learn the language for free, not only in Aktobe, but in other cities as well! I hope your article will promote the Project among all Kazakhstani journalists! Join us next year! Learn English! Become better journalists with us!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *