
Белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» қауымдастығының Кеңес мүшесі Қанат Әуесбай — «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен — Looking west.
A Kazakh’s view of Great Britain» кітабы туралы Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы Ақмарал Мұқашеваға айтып берді.
Қоғамда кітап оқитындар аз деген керағар пікірді жою мақсатында журналист аталмыш кітапты қазақ және орыс тілдерінде жазып шықты. Журналистің бұл кітапты жазуына британдықтардың мәдениеті мен қоршаған ортасы себеп болған.
«Қазақтардан өзгеше менталитетті байқадым. Қонақ шақырғанда көп шашылмайды, біздегі секілді аста-төк дастархан жоқ. Қарапайым ғана фуршет секілді. Үйге шақырмаған жағдайда, бір қарапайым кафеде отыра салады», — дейді журналист.
«Үнемшілдік және прагматизм» британдықтарға тән үрдіс. Олар жүрген жерінде жарықты міндетті түрде өшіріп жүреді. Кір жуғанда жарық пен ұнтақты үнемдеу үшін бір түсті киімдерді таңдайды. Second hand-тан киіну олар үшін ұят емес. Қерісінше, бренд киімдерді қолжетімді бағада сатып алуға болады.
Қанат Әуесбайдың айтуынша, автобусқа мөлшерден тыс адам алмайды. Британдық жүргізушілердің вело-жүргізушілерге деген құрметі ерекше. Велосипед айдап келе жатқан жанды көрсе, одан басып озуға еш тырыспайды. Мәдениеттік деңгейі жоғары мемлекет екені осыдан-ақ анық аңғарылады.
Ақмарал Мұқашева, Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы
«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады