
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин әлі де креслосында отыр, алайда наурыз айындағы су тасқыны оған төнген қауіпті одан сайын күшейтіп жіберді, деп жазады «Тілші» әкімдер рейтингін жариялаған toppress.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімдер рейтингінде Ақтөбе облысының басшысы соңғы — 14-орынға тірелді.
Репутациясы жағынан дағдарысқа ұшыраған Оңдасын Оразалин өткен айда өз атына кезекті рет біраз сын естіді. Наурыз айында өңірде су тасыды, еріген қар суы мен жаңбыр қала көшелері мен үйлерді басты. Қаланың қақ ортасында адам суға батып кете жаздады.
Жергілікті тілшілер мен қоғам белсенділері қыс айларында қаладан қар шығарылмағанын айтады. Су тасқыны наурыз айындағы басты тақырыпқа айналды. Әкімді орнынан алып тастау жөнінде бастама жиі көтеріле бастады.
Соған қарамастан, Оңдасын Оразалин наурыз айының соңында Дубайға халықаралық EXPO-2020 көрмесіне барып қайтты. Ақтөбелік делегация құрамында барлығы 8 адам болды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, олардың жол шығыны 6 млн теңгеден асты.
Тағы бір дау өңір басшысы кабинетіндегі жөндеу жұмыстарына қатысты болды. Желіде тараған суреттерде Оразалиннің кабинетіндегі қымбат аксессуарлар көзге түсті. Желі қолданушылары оны еуропалық брендке балады.
Сондай-ақ, әкім бөлмесінің демеуші қаражатына жөнделгені белгілі болды, алайда, әкімдіктегілер демеушінің кім екенін айта алмады.
Шаруашлықтар арасында беделі жоғары Оразалин ның және ауылдар ға көп көңіл аударды !