Ақтөбе жастары өздері ұйымдастыратын зияткерлік ойындарын жергілікті телеарнаға ұсынып көрмекші — TilshiNews

Ақтөбе жастары өздері ұйымдастыратын зияткерлік ойындарын жергілікті телеарнаға ұсынып көрмекші

Ақтөбе жастары кезекті «Alshy» интеллектуалды ойындарын өткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Шара барысында ұлттық аспаптар мен киімдерге қатысты сауалдар болды, қазақ халқының ұлттық ойындары мен халық арасынан шыққан танымал тұлғаларға қатысты танымдық сұрақтар қойылды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жоба авторы Жоламан Асанұлы алдағы уақытта бұл ойындарға өзге ұлт өкілдерін де жұмылдырмақ ниетте. Сонымен бірге, жергілікті телеарна өкілдерімен сөйлесіп, бірлескен жоба ретінде эфирге ұсынып көрмек.

Айта кетейік, Ақтөбеде соңғы жылдары студенттер мен мектеп оқушылары арасында дебат, КВН, спорт ойындары белең алып келеді.

«Жұмыс жүріп жатса, орта да қалыптасады. Осындай орталардың бірі – «Ақтөбе пікірсайыс орталығы» (АПО). Одан бөлек «JJ times», «Alshy» сынды жобаларды атап өтуге болады», – дейді ол.

Әлихан Әбілқайыр,

Азаматтық журналистика мектебінің тілшісі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған