"Сөзден - іске": Ақтөбеде баспасөз қызметкерлері мен тілшілер байланысы жөнінде тренинг өтті — TilshiNews

«Сөзден — іске»: Ақтөбеде баспасөз қызметкерлері мен тілшілер байланысы жөнінде тренинг өтті

«Сөзден — іске»: БАҚ пен баспасөз қызметтері арасындағы тиімді байланыс» тақырыбымен Ақтөбеде семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Жобаны Қарағанды облысының «Азимут Плюс» қоғамдық қоры Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды. Тренингтің шымылдырығын «Азимут Плюс» ҚҚ жетекшісі Бота Омарова Zoom арқылы байланысқа шығып, ашып берді.

Шараға өңірдегі мемлекеттік, бюджеттік мекемелердің баспасөзге жауапты қызметкерлері, жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен бірге, болашақ тілшілер мен қоғам белсенділері қатысты.

Тренингті медиатренер, журналист Асқар Ақтілеу, мобилограф-журналист, «Қазхром» компаниясы баспасөз қызметінің маманы Қамбар Мұқашев және SMM маманы Ақтілек Орынбасарова жүргізді.

Сонымен бірге, «ҚазТрансОйл» компаниясының баспасөз қызметкері Zoom арқылы қосылып, баспасөз қызметтері жұмысының қиыны мен қызығы туралы баяндап берді.

Семинар-тренинг барысында қоғаммен байланыс саласындағы соңғы трендтер сөз болды, сонымен бірге, практикалық ойындар ойнатылды. Тараптар орындарымен алмасып, іс жүзінде қандай кедергілер болатынын байқады.

Қоғаммен байланыс орнатудағы коммуникация жолдары, әлеуметтік желіде кризистен шығу амалдары талқыланды.

Айта кетейік, шараға облыстық «Керек Инфо» газеті, AQTOBE арнасы, «Рика-ТВ», «Тандем» радиосының тілшілері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық мәдениет бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Антикор» жобасы, Бәйішев кітапханасы, Темір аудандық кітапханасының баспасөзбен байланысқа жауапты өкілдері, сонымен бірге, болашақ тілшілер мен қоғам белсенділері қатысты.

«Тілші-ақпарат»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *