Қазақстанда мемлекеттік органдар ақпаратты БАҚ-қа қандай формада беру керек? — TilshiNews

Қазақстанда мемлекеттік органдар ақпаратты БАҚ-қа қандай формада беру керек?

Ресми хабарламалар ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық құжат нысанында таратылуы мүмкін. Ауызша формадағы ақпаратқа басшының немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның көпшілік алдында сөйлеген сөзі де жатады.

Ресми хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарына меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан тең жағдайда беріледі.

Журналист ұсынылған ресми хабарламаларды түсiндiру туралы сұрау салуды жiберуге құқылы, оған сұрау салу тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жауап берiлуге не оны берудiң мерзiмiн көрсете отырып жауап беруге не дәлелдi бас тартуға құқылы.

Қосымша зерделеу мен тексеруді қажет ететін жағдайларда қарау мерзімін ақпарат иесінің басшысы бір рет күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарланады.

Құзыретiне қойылған мәселелердi шешу кiрмейтiн берiлген ресми хабарламаларды түсiндiру туралы өтiнiш түскен жағдайда, екi жұмыс күнінен кешiктiрмей бұл сұрау салу тиiстi органдарға хабарламамен жiберiлуге тиiс. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына да хабар беру керек.

Өтінішті қандай формада жіберуге болады? Жазбаша, оның ішінде электрондық құжат нысанында.

Сұрау салуға бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылуы және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған