Дербес деректердiң құпиялылығы туралы не білеміз? — TilshiNews

Дербес деректердiң құпиялылығы туралы не білеміз?

Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi.

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес, кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Биометриялық деректердің құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *